Жас жұбайлар жол апатына ұшырады

Қостанайда сенбі күні сағат шамамен 19.00 шамасында жас жұбайлар мінген автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Үйлену тойына жиылған қауым тағатсыз күтіп отырған "Блюз" тойханасына бара жатқан  КIА көлігіне Ленинградский-Садовая көшелері қиылысында қатты жылдамдықпен келіп "ВАЗ 2114" маркалы көлігі соқтығысқан. КIА соққы күшімен тұрғын үй алдындағы "Нивамен" қақтығысады. киа
Жас жұбайлар мен күйеу және қыз жолдастары түрлі жарақаттар алған. Күйеу жігіт есінен танып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, жапа шегушілер ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға кінәлі 20 жастағы "ВАЗ 2114" жүргізушісі көлік тізгініне еш құжатсыз отырғанымен қоймай, жылдамдықты шамадан тыс асырған. Рөлге сау күйінде отырғаны да белгілі болды. 
Облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарын кейінірек толығырақ хабарлайтынын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓