Аманкелді ауданындағы Бақытжан Байқадамұлы атындағы мәдениет үйіне көп жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмей, ел игілігіне ұсынылмай келген еді.
Өңірлік даму бағдарламасына сай мәдениет үйіне жаңа жылу жүйесін тарту үшін 4 000 000 теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, екі қабатты ғимаратқа жылу жүйесі тартылды. Жаңа кейіпке енген мәдениет ошағы жұмысын бастап кетті.