Мүгедектер қоғамының мерейтойы
Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы өзінің мерейтойлық датасын «Айгүл» кинотеатрында атап өтті. Оған өнер десе, ішкен асын жерге қоятын бірлестің белді мүшелері қатысып, көрерменнің көзайымына айналды.

-Ұзақ жылдар бойы бізге қала әкімдігі, білім мекемелері мен кәсіпкерлер жан-жақты қолдау көрсетіп келді. Қарамағымызда коляскалық мүгедектерге арналған күндізгі стационар мен әлеуметтік такси жұмыс істейді. Биыл 600-дей мүшесі бар бірлестігіміз заңды тіркеуден өткіздік. Енді түрлі тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысып, өз жұмысымызды одан әрі жандандыруға мүмкіндігіміз бар, – дейді Санаш Сағындықұлы.
Салтанатты концерттің соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтарға ие болды
Қуаныш Сейдоллаұлы