Эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының айтуынша, өңірде жұқпалы аурулар көрсеткіші біршама азайған.
Өткен жылмен салыстырғанда, туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 20,4 пайызға, салмонеллез 9 жағдайға, ал бактериалды дизентерия көрсеткіші 7 жағдайға төмендеген көрінеді. Сондай-ақ, гепатит, қышыма, педикулез, жедел респираторлық вирусты инфекция сияқты жұқпалы аурулар деңгейі де біршама азайған.
Қарлығаш Оспанова