Рудный думанға бөленді

Рудныйда дәстүрлі «Тың-Целина 2017» спартакиадасы мен қаланың 60 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. «Горняк» стадионында жылдың ең маңызды спорт додасын Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов ашты. Ол өз сөзінде дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы – халықты бұқаралық спорт түрлеріне тарту екендігін атап өтті. 0J-xbNgxsus
 
IQO5qdiOVck– Бүгінде Қостанай облысында 260 мыңдай адам спорттың жүздеген түрлерімен айналысады. Бұл аймақ халқының 30 пайызы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен биылдың өзінде облысымыздың барлық аудан-қалаларында жүздеген спорт нысандары күрделі жөндеуден өтіп, жаңалары пайдалануға берілді. Жасалынған қолайлы жағдайдың нәтижесінде өткен жылы спартакиада 48 мың адамды қамтыса, биыл бұл көрсеткіш 50 мыңнан асып отыр, – дей келе қатысушыларға сәттілік тіледі.  wvwLlyL0GXM
 
S5pguP4KNe4Құттықтау сөздерден соң «ССКӨБ» АҚ Шекемтас өндіру фабрикасының күйдіру пешінен тұтатылған алау қала көшелерімен өтіп, стадионға жетті. Эстафетаны Валерий Галимзянов, Дарья Волокитина, Мирас Баршылықов, Марина Мамонтовалардан кейін соңғы болып КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада және Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, ардагер шаңғышы Иван Гаранин қабылдап, спартакиада факелін жақты. i9DOKJPmovI
 
fk7DC2MNv34Рәсімнен кейін облыстың 20 аймағынан келген спортшылардың шеруі басталды. Биылғы 31-ші спартакиадаға «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан 3000-ға тарта үміткер қатысуда. Олар үш күн бойы спорттың 18 түрінен өз бақтарын сынамақ. Айта кетерлігі, биылғы жарыс бағдарламасына әкімдер арасындағы мергендік сайысы мен ат спортының түрлері енген жоқ. Әйтсе де, спорт додасы өте тартысты, әрі қызықты өтетіндігіне сенімдіміз.  4V3Pe71F3vE
Қос мерекенің алғашқы күні орталық алаңда жергілікті «Студия Медиа» кавер-тобы, тюмендік «Союз» көңілді тапқырлар командасы мен мәскеулік DJ Грувтың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.  hZ7ceE_KRgE
Бүгін қаламыздың «Достық» саябағы мен орталық алаңында мерекелік іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Кешкі сағат 19.00-да орталық алаңда еңбек ұжымдарының шеруі ұйымдастырылып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтамақ. Ал кештің сәнін қазақстандық эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов, «Формат» тобы мен ресейлік әнші Ани Лорак келтіретін болады. 
Ал ертең түскі  14.00-де спартакиаданың жабылу салтанаты өтеді деп күтілуде.  

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓