Өміршең өндіріс күн сайын өрісін жайып келеді

Изображение 2 603Былтырғы жылдың желтоқсан айында Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің аймақтарымен болған жалпыұлттық телекөпір кезінде мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 10 ірі жобаны іске қосқан еді. Сол күні Елбасының рұқсатын алған серпінді жобалардың бірі –облысымыздағы "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС ұсақ сұрыпты болат илемдеу зауыты.  Жалпы, бұл жобаны Тобыл өңірінде ғана емес, республика көлемінде сәтті жүзеге асырылған деп бағалады Мемлекет басшысы. 
Изображение 2 598Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мемлекетіміздің үлкен  науқанының бел ортасынан табылған кәсіпорынға барып, жұмыс барысымен танысудың сәті түсті. Құрылыстың бас мер-дігері – "Уралдомнаремонт KZ" ЖШС, ал негізгі қондырғыларды жеткізуші – "Siemens VAI" компаниясы екенін айта кетейік. Ұсақ сұрыпты болат илемдеу зауыты бір жыл бұрын домна пешті іске қосып, алғашқы шойынды бал-қытқан болатын. Міне, содан бері жыл бойы дайын Изображение 2 479өнімдерді жан-жаққа жөнелтумен келе жатқан кәсіпорын тәулігіне екі ауысыммен жұмыс істеп келеді. Биылғы жылдың аяғында 11,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде.
Өндіріс орнына кірген бетте арматура жасауға қажетті шикізаттың вагон-вагонмен әкелініп жатқанын көресіз. Ресейдің Новокузнецк қаласындағы Батыс Сібір металлургия комбинатынан Изображение 2 491жеткізілетін ұзындығы 12 метрлік төрт қырлы шойынның салмағы 2,1 тоннаға жетеді. Бір мезетте сол шикізаттың 72 данасы пешке салынып, 1200-1260 градуста екі сағат ішінде балқытылады. Пештен қызыл шоқ болып шыққан шойын арнайы кескіш құрылғының ішінен өтіп, тіліктеніп, созыла түседі. Соңында әр түрлі калибрлі арматура болып шығып жатыр. Осы процестің барлығын мамандар автоматпен басқарып тұр. Айтпақшы, арматураның  диаметрі 10 мен 40 мм аралығындағы жасалады. Пештен шойындар шығарылып болып, екінші сом болаттар балқытуға жөнел-тілген кезде, механиктер құрыл-ғыларды тексеріп шығады.
Бір сызықтың бойымен өндіріс ошағының арғы басына жеткен ұзындығы жетпіс метрден асатын арматураны келесі машина тура 11,75 метр етіп кесіп тұрады. Жиналып отырып, құшақ-құшақ болған те-мірлер бірнеше жерінен буылады да, оларды жоғарыдан магнитті крандар қоймаға қарай көтеріп әкетіп жатыр. Тау-төбе дайын өнімдерді диаметріне қарай жеке-жеке сұрыптап қойған. Олар қоймада көп жатпайды – кезегі келді ме, вагонға  тиеліп, тапсырыс жасаған жаққа жөнелтіле береді. Бүгінгі күнге дейін түрлі Изображение 2 514калибрлі 30 мың тоннаға жуық арматура шығарылыпты.
Кәсіпорынның осы және алдағы жоспары жайында "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС бас директоры Сергей Сотников айтып берді:
– Бүгінгі таңда тәулігіне 15-20 вагон өнім саудаға шығып жатыр. Соған қарап, сұраныстың айтарлықтай бар екенін бағамдайсыз. Айталық, Қазақстанда азаматтардың құрылыс жұмыстарына жылына 900 мың тонна арматура қажет екен. Біз алдағы жылы өнім көлемін жылына 365 мың тоннаға, яғни, 80% жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Ал 2016 жылдан кәсіпорын толық күшіне енеді. Ол кезде өндірістің жылдық қуаты 450 мың тоннаға жетпек. Қазіргі уақытта 220 адам жұмыс істеп жатыр. Біз Ресейдің Новокузнец қаласынан арнайы технологиялық мамандық игергендерді шақырдық. Ал өзіміздің жұмысшылар арасынан жүзден астам адам Магнитогорск қаласында біліктілігін арттырып келді. 
Ресейдің көршілес Магнитогорск қаласында біліктілігін арттырып келгендердің қатарында Қайрат Дәулетқалиев те бар. Отыз жасар азаматты жұмыс арасында сөзге тарттық:
Изображение 2 526– Осы кәсіпорында биылғы жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келемін. Міндетім – гидравлика жағына жауаптану. Балқыған болатты қалыпқа салатын қондырғы-құрылғылардың қалыпты жұмысын бақылаймыз. Өзіме мамандығым ұнайды. Жалақым да жақсы. Мемлекетіміздің осындай кәсіпорындарды салуға қолдау көрсетуі – жастардың жұмыспен қамтылуына зор септігін тигізіп отыр, – дейді ол.
Біз өндіріс ошағына кіргеннен, екі кран дамыл тапқан жоқ – оралып-дайындалып қоймада жат-қан темірлерді вагондарға артумен болды. Лек-легімен кетіп  жатқан өнімдердің орнын қайтадан болат шикізаты толтырып жатыр. 
 Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
Суреттерді түсірген
Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓