Қызғаныштан қол жұмсап…
Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылының тұрғыны сот алдына келді. Айыптау мәтініне қарағанда, Рустам Өтепов өз әйелін азаптап, кейін өлтірген.Сот тыңдауы Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Прокурордың айтуынша, қылмыс 25 мамырда болған. Өтепов өз сүйіктісімен бірге танысына қонаққа барған. Алкоголь ішімдік ішкеннен кейін сүйіктісіне қол көтерген.
"Саусағымен көзін шығарып, Ибраеваға дене жарақатын салған", – деді мемлекеттік айыптаушы Рустам Даутов.
Осыдан кейін шабуылдаушы мен жәбірленуші кетіп қалған. Алайда олар ауруханаға емес, өздері тұрып жатқан үйге қайтып кеткен. Үйінде Өтепов сүйіктісін сабаған.
"Ибраеваға кеуде тұсына және денесіне жұдырықпен соққылар жасаған, кеуде тұсына асхана пышағымен болмашы жарақат салған. Өз әрекетімен оны өлтіретінін білген ол мұнысымен қоймай, өкпеге ауа қатерлі деңгейде ғана өтетін жағдайда қысып ұстап, адамның өмірлік маңызы бар органдарын қысып ұстаған", – делінген айыптау мәтінінде.
Зардап шеккен қыз оқиға орнында қаза тапқан.
Өтеповтің әрекеті "Аса қатыгездікпен денсаулыққа көрінеу ауыр зақым келтіру" және "Адам өлтіру" баптары бойынша қарастырылды. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінді. Өтепов Ибраеваны өте қатты жақсы көргенін және оның кетіп қалатынын білген соң шабуылдағанын айтты. Қазіргі уақытта процесте куәгерлерден жауап алу процесі өтіп жатыр.