Ел тізгінін ұстаған түлек
Осындай тақырыппен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары аталмыш мектептің түлегі,“ Алтын белгі” иегері аудан әкімі Асқарбек Кенжеғариннің қайталанбас балалық шағының балдәуреніне саяхат жасау үшін аудан әкімінің қабылдау бөлмесінде бас қосты.
Әңгіме барысында мектеп оқушылары өздерінің қызықты сауалдарын ортаға салып, кеңінен ой бөлісті. Тіпті кейбірі өздерін бір сәт аудан әкімінің орнына қойып, ел ағасы атанып, ел басқарудың қаншалықты қиын екендігіне көз жеткізді. Сонымен қатар оқушылардың қойған 14 түрлі сауалдарына мүдірмей жауап беріп, ағынан жарылған аудан басшысының мінсіз мінезіне тәнті болған олар ризашылықтарын білдірді. Енді аудан әкімі “балалық шағымның бір күні” атты оқушылардың берген жолдамасы арқылы мектеп партасында олармен жүздесетін болады. Дәл осындай кездесу Ы.Алтынсарин атындағы
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы