Рудныйда жүк көлігі аударылды
Рудный қаласында жол көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жариялаған. Кеше түнгі сағат 03:50 шамасында Молодая Гвардия мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тұрған жеңіл көлікті "Особняк" дүкенінің жүк көлігі барып соққан. Қақтығыс салдарынан жүк көлігі жол жиегіне ұшып кеткен. Кәуегерлердің айтуынша, қос көліктің де жүргізушілері мас болған.
Жақын арада ресми ақпараттар хабарланатын болады.