Дәрігердің өліміне қатысты іс сотқа жетті
16 тамызда процессуалдық прокурор айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.Айыптау актісіне сәйкес Зәуреш Изалдина келесі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыпталуда: «Ірі көлемдегі алаяқтық», «Тұрғын үйге заңсыз кіріп, алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобымен аса ірі көлемде ұрлық жасауды ұйымдастыру», «Алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобымен екі және одан да көп адамды өлтіруді ұйымдастыру», «Алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобымен кісі өлімін ұйымдастыру».