Айыптыға – лайықты үкім

Қостанай қалалық соты моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы арызды қанағаттандырды. Бұл туралы облыстық сотының сайтында жарияланды. мото2016 жылдың 13 сәуірінде Қостанайда көлік апаты болды. Кешкі сегіздер шамасында «Фольксфаген» маркалы автокөлік жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, мотоциклмен соқтығысты. Нәтижесінде мотоцикл жүргізушісінің денсаулығына ауыр зақым келген.
«Жеңіл автокөлік жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Өзінің құқын және заңды талаптарын қорғау үшін мотоцикл жүргізушісі сотқа шағым түсірді. Іс құжаттарын қараған сот айыпталушыдан материалдық және моральдық шығынды өтеу үшін шағым түсірушінің пайдасына 1 047 928 тенге көлемінде ақша өндірді», – делінген сот сайтында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓