Қостанайдағы “Орталық” стадион тексеруден өтті
Енді онда ҚКФЛ матчтарын өткізуге болады. Стадионның табиғи төсенішін Қазақстанның кәсіби футбол лигасының комиссиясы тексерді. Осыған дейін стадионға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, көрермендер орны көбейіп, әкімшілік бөлмелер жөнделді. Жасанды төсеніш автоматты жүйедегі табиғи төсенішке ауыстырылды.Арнайы құрылығының көмегімен футбол алаңының маңызды функционалдық көрсеткіштері өлшенді. ҚКФЛ комиссиясы төсенішті қанағаттанарлық деп бағалады. Сондай-ақ, олардың айтуынша, алаңға қосымша күтім керек. Себебі, табиғи төсеніш жақында ғана төселді."Тобыл" футбол клубы "Орталық" стадионда ҚКФЛ матчтарын өткізуге рұқсат алды. Жаңа стадионда алғашқы ойын 20 тамыз күні өтеді. Қостанайлық команда Тараз футболшыларына қарсы ойнамақ. Кіру тегін.
"Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі.