Жаңа жобалар жүзеге асырылады

Соңғы 5 жыл ішінде аграрлы аймақ ауыл шаруашылығы саласында құны 60 млрд теңге болатын 122 жобаны  жүзеге асырды.  Соның 54-і – индустрияландыру картасы  аясында.
Биыл агроөндіріс кешені бағытында 40 жобаны іске асыру жоспары қойылған. Соның нәтижесінде, 400-дей жаңа жұмыс орындары құрылмақ.

сиыр

 Етті ірі қараны көбейту егінді ел алдында тұрған маңызды міндеттің бірі саналады. Бұл біріншіден  азық- түлік қауіпсіздігін сақтап, ішкі жалпы өнім көлемін арттырады. Асыл тұқымды малдың пайдасы мол екеніне дәнді өлке шаруаларының көзі жетіп ортыр.  Жылдан- жылға төрт түлік саны  Тобыл өңірінде тек  еселенуде. Осы бағытта 14 инвест жоба іске қосылады.  Соңғы жылдары ұн, макарон, сүт, сұйық май, ет  өнімдерінің өндірісі ұлғайған. Бұл импортты азайтып, экспорт көлемін арттырды. Нақты деректерге сүйенсек, 2,9 млн тонна ұн, 40 мың тонна макарон өнімдері сыртқы нарыққа тасымалданды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓