“Тобыл” футболшылары жанкүйерлермен кездесті
Көптен күткен бұл шара «Мирас» МҮ өтті. Клубтың өтініші бойынша кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті. Команда құрамымен танысудан соң жанкүйерлер сауал қоюға көшті. Алдымен, селекциялық жұмыстар жөнінде сұрақ қойылды. Клуб басшылары алдағы уақытта командаға керек əр ойыншыны сақтауға уəде етті. Жиылған жұрт Фернандер Кассайды ұстап қалу жағын да айтып қалды. Бұл сұрақтарға команданың спорт директоры Владимир Нидергаус жауап берді.
– Команданың шынайы жанкүйерлеріне алғыс айтамыз. Сіздердің əр ұсынысыңызды ескеріп, талқылайтын боламыз. Осыған дейінгі жұмыс істеген басшылар үшін жауап бере алмаймыз. Қазір бізде жаңа құрам, жаңа басшылық. Сол себепті алдағы уақытта əр іске жауапты қараймыз, – деді В.Нидергаус.
Жанкүйерлер бас бапкер Евдокимовтің алдыңғы қызмет атқарған клубын неге тастағанын білгісі келді.
Өз кезегінде «Тобыл» тізгіншісі Роберт Евдокимов:
– «Оренбургте» келісім-шарт аяқталды. Мен өзіме жүктелген міндетті орындай алмадым. Кейін "Тобылдан" ұсыныс түсті. Мен қуана келістім.
Өз кезегінде «Тобыл» тізгіншісі Роберт Евдокимов:
– «Оренбургте» келісім-шарт аяқталды. Мен өзіме жүктелген міндетті орындай алмадым. Кейін "Тобылдан" ұсыныс түсті. Мен қуана келістім.
Ендігі кезекте директор Николай Панинге сұрақ қойылды. Чемпионаттағы нақты міндет туралы сауалға ол:
– Мақсат айқын — Еурокубоктік бəсекелерге ұмтыламыз.
Роберт Евдокимов өзінің ойын жүргізу стилі жайлы бөлісті:
– Біз жан-жақты футбол ойнайтын боламыз: керек кезде шабуылға шығамыз, екінші жағдайда қорғанысқа көшеміз. Əрине қарсыласқа да байланысты. Олардың шеберлігі, ойынды көре білуін қосыңыз. Дегенмен бар күшімізді салып, жанкүйерлерге ұнайтын ойын көрсетеміз деп ойлаймын.

Ал Нұрбол Жұмасқалиевке неліктен EXPO-дағы ойынға қатыспағандығы сұралды.
Нұрбол Жұмасқалиев:
– Мен "Ақжайықпен" өткен ойында жарақат алып қалып, сол турнирге қатыспадым. Қазір жақсырақ, командамен бірге жаттығуға қатысып жүрмін.
– Мен "Ақжайықпен" өткен ойында жарақат алып қалып, сол турнирге қатыспадым. Қазір жақсырақ, командамен бірге жаттығуға қатысып жүрмін.
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі