Белгілі тілші В.Веденко өмірден өтті
Қостанай облысына танымал журналист Валерий Веденко дүниеден озды. Ол соңғы 17 жыл бойы республикалық "Казахстанская правда" газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған.
Ол 1973 жылы Орал мемлекеттік унивесритетін (РФ, Свердлов қаласы) филология мамандығы бойынша бітірген, еңбек жолын Талғардағы "Звезда Алатау" газетінен бастаған.
Әріптестері оның талантты тілші, жақсы азамат ретінде еске алады. Ол ауылшаруашылық саласын тереңнен талдап жазатын. Әр жылдарда облыс әкімінен түрлі марапатқа ие болған.
"Қостанай таңы" газеті Валерий Васильевичтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.