Бүлдіршін 5-қабаттан құлап кетті

Қостанайда үш жасар бала 5-ші қабаттан құлап кеткен. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше Аманкелді,76 көшесінде, сағат 20.49-да болған.232-bezopasnost-okon-dlya-detej-330x2062014 жылы дүниеге келген қыз бала терезеден құлап кеткен. Болжам бойынша бала терезені өзі ашқан. Бүлдірішін қазір облыстық балалар ауруханасында, травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы қалыпты, бірақ көп жері шыққан және қатты үрейленген. Оқиға кезінде ол үйде ағасымен болған. Дәрігерлер баланы үй маңында өсіп тұрған сирен ағаштың бұтақтары аман алып қалған дейді.  
Бұндай жағдай биыл үшінші рет қайталанып отыр. Мамыр айында дәрігерлер 4-ші қабаттан құлаған сәбидің өмірін сақтап қалған еді. Көп ұзамай Қашар кентінде де балақай балконнан құлаған болатын, қазір оның да жағдайы жақсы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓