Сайлау-2021: шарттар мен міндеттемелер
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары үміткерлерді тіркегеннен кейін басталатын науқан. Яғни, кандидаттарды тіркеу заңнамаға сәйкес 2021 жылдың 14 шілдесі күні сағат 18.00-де аяқталып, сол сәттен үгіт жұмыстары басталып кетті. Сайлауға бір күн қалғанда, яғни, 24 шілде «тыныштық күні», сағат 00.00-ден кейін үгіт-насихат науқаны тоқтатылады.
Жалпы, сайлауалды үгіт жұмыстарының барлығы тек заң шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде (баспа, электрондық), көпшілік орындарда (дебаттар, дискуссиялар, шерулер, митингтер, демонстрациялар) жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесу өткізуге құқылы, баспа, аудио-видео түрінде үгіт материалдарын жүргізе алады.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған 87 нысан дайындап қойған. Үгіт-насихат материалдарын орналастыруға 159 орын әзірледі, оның ішінде 96 стенд, 58 тақта, 5 бағана.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы теле және радио арналарда, аудандар мен қалалардағы демонстрациялық экрандарда тоқтаусыз транслияцияланып отыратын аудио-видео материалдарды ұсынып отыр.