Қатыгездік пе, дүниеқоңыздық па?..

"Қостанай таңы" газетін бала кезімнен оқимын. Өйткені, әкем марқұм газет  бетінен сонау бір кездегі Ақілгек пен Меңдібек ақындардың айтысын, өлең-жырларды, т.б.  материалдарды оқытатын.
Газеттің биылғы  № 64 санынан "Бас редактор әлеміндегі" мақаланы оқып, әлі өзім-өзіме келе алмай жүрмін. Жаназаға екі бие соятын бай, атын қалай шығарарын білмей мейманасы тасып жүрген жан болар.
дүниеМені толғандыратын екінші әңгіме. Атам  қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық емеспіз бе? Абзал атты жігітті паналатып отырған (аты өзгертілген болу керек) әкесінің туысы, бауыр емес "тас бауыр" адам екен. Абзал бала ол үйден кетсе, дүние мүлкін ала кетеді, сондықтан оны зорлап, қинап ұстап  отыр. Өмірдің қатал сынына тап болып, дүние қоңыз туыстың  уысынан шыға алмай отырған  Абзалға жаным ашиды. Туысының баласын оқытып, үйлен-діріп шаңырағын көтеріп, үй қылып отырмай ма?! Қорғаны жоқ баланы қорғау керек. Тасбауыр туысты жөнге салу қажет. "Аманатқа қиянат жасама" – дер едім. Әлі де кеш емес, туысы ойланар. Адам баласы ар-ұяттан аттамауы керек, ондай қасиеттер жоқ  болса,  онда  ол адамгершіліктен ада.
Мен өз ойымды айттым. Абзалдың бағы жанып, дені сау болып, ата-анасының аруағы жебеп жүрсін.
Б.Күмажанова.
Ұзынкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓