Ем үшін 15 мың теңге
Медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, пациенттің карантиндегі стационарда болған бір күні үшін Қор медициналық мекемеге 10 414 теңге төлейтіндігін, провизорлық ауруханадағы 1 күніне бюджетке 11 620 теңге, ал тәулік бойы стационардың инфекция бөлімінде емделуі 15 113 теңгеге түсетіндігін хабарлады.
Қазақстанда Covid-19-дың алдын-алу іс-шараларына республикалық бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда жатқандардың еміне 14,7 млрд теңге жұмсалған, диагностикалық зерттеулерге – 5,4 млрд теңге, коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы ретінде 35,8 млрд теңге бөлінді.
-Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысында COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне наурыз айында жалпы сомасы 51 млрд теңгеден астам үстемақы төленді. Бүгінде облыста 29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 45, ал 3 адам емделіп шықты, 1 адам қайтыс болды, – дейді Қордың облыстық филиалының директоры С.Аймұхамбетова.