Сотқа мас болып келген
Қылмыстық іс бойынша, жәбірленуші ретінде Сарыкөл аудандық сотына шақырылған азамат К. сот отырысына мас күйінде келген. 35 жастағы азамат бұған дейін де әртүрлі тәртіпсіздігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.
Бұл жайт оны «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 653 бабы, 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға себеп болды. Сауға сұрай барып, сау болмағаны үшін өз басы саудада қалды. Яғни, сот оны бес тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.