Лицензиясыз 100 шөлмек
Қостанай облысында алкоголь өнімін лицензиясыз сатқан күдікті қолға түсті. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісі жазды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен және лицензиясыз сату дерегінің жолын кесті.
Облыстағы кәсіпорындардың бірінің қойма меңгерушісі И.Мащенко белгісіз біреуден құрамында спирті бар өнімді сатып алғанын айтады. Ол қолына түскен өнімдерді Қостанай қаласындағы дүкендерде қайта сатқан. Оның қоймасынан жалған белгілер соғылған 52 маркалы алкоголь өнімінің 93 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді. И.Мащенкоға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Айта кету керек, Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату және сақтау лицензияланатын кәсіпкерлік түріне жатады.
Құрамында спирті бар өнімдерді заңды түрде сату үшін кәсіпкерлер ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес арнайы рұқсатнама алуы тиіс.