Иесіз жағалауға жан бітті

Рудный қаласының ескі жағажайындағы игі істер биыл да жалғасын тапты.IMG_5196
Еске сала кетейік, өткен жылы қалалық «Жастар» ресурстық орталығының белсенділері МЖК ауданындағы ескі жағажайды ретке келтіріп, Тобылдың жағалауын шөп-шалаң, күл қоқыстан тазартқан болатын. Экологиялық акцияға «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлері де атсалысып, бұл жерде бірнеше сенбіліктер ұйымдастырды. Бүгінде тұрғындардың сүйікті демалыс орнында өркениеттің белгілері пайда бола бастады.IMG_5217
– Жаз маусымы басталғалы ойын қуған балалар өзенге шомылып, жазғы каникулдарын қызықты өткізуде. Жастар да серуендеуге келетін болды. Біз осыны ескеріп, кен алыбының Экология және жер қойнауын пайдалану департаментімен бірлесіп, жағажайға 4 орындық, күннен қорғанатын және киім ауыстыратын орындар, сондай-ақ күннен қуат алатын жарық шамдарын орнаттық, – дейді ресурстық орталықтың жетекшісі Максим Фролов.
Белсенділер алдағы уақытта өзеннің жағалау алабын арнайы техниканың көмегімен тазалауды жоспарлар отыр. Себебі, судың шайып өтуіне жағдай жасалмаса, жағалау шөп-шалаң мен күл-қоқысқа толып қала береді.
Бүгінде тамаша бастаманы құптайтындар көп. Алайда бір мәселе бар. Ол – жағалаудың ешкімнің балансында жоқтығы. Сондықтан жастар жасаған игіліктерді түнгі уақытта бұзақылардан күзету мүмкін болмай отыр. Осы мәселе әкімдік тарапынан жуық арада шешімін тапса, ескі жағажай одан да көркейе түседі дейді белсенділер.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓