Бағаның шекті мөлшері белгіленеді

Сала басшылығы осылайша дәріханалардағы бағаны реттеуге кірісіп отыр. Сондай-ақ отандық дәрі-дәрмек өнімдерінің көлемін арттыру да басты назарда. Себебі Қазақстанға фармацевтикалық өнімдердің шамамен 90 пайызы шетелден жеткізіледі.
– Өздеріңізге белгілі, біз фармацевтика саласын дамытуға бағытталған бағдарлама қабылдадық. Алғашқы жартыжылдықта фармацевтика секторындағы өнеркәсіптік өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43 пайызға артты. Қазір бізде көптеген фармацевтикалық нысан салынды. Осылайша 2024 жылға дейін отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар бойынша жеткізілетін дәрі-дәрмек өнімдерінің көлемі екі есеге артады деген жоспар бар, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цой.