Қан тапшы
Облыстық қан орталығында қан тапшылығы қатты сезілуде, деп хабарлайды alau.kz. Шұғыл түрде О (I) бірінші, А (II), В (III) теріс Rh(-) резус тобына және А (II) екінші, AВ (IV) оң Rh (+) резус тобына жататын қан керек.
"Таяуда ғана қордағы барлық қанды біз облыстық ауруханада, Жітіқара аудандық және Рудный қалалық ауруханаларында стационарлық ем қабылдап жатқандар үшін бердік. Сондай-ақ, Қостанай перинаталдық орталығынан, туберкулезге қарсы диспансерден де сұраныс түсті. Қазір қан тапшылығы қатты байқалып тұр", – дейді облыстық қан орталығындағылар.

Мамандар бүгіндері донорлардың күрт азайып кеткенін айтады. "Бәлкім, демалыс уақыты болғандықтан шығар" деп те топшылайды. Сондықтан, олар тұрғындарды қан тапсыруға, бұл өткір мәселеге бейжайлық танытпауға шақырады.
Айта кетейік, қан орталығының мекенжайы: Быковский көшесі, 4а, байланыс телефоны: 8 (714) 2 26 63 08.