Өрт өмір жалмады

Қостанай ауданының Садовое ауылында тұрғын үй өртеніп, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  өртОқыс оқиға 30 қазан күні таңғы сағат 5:00-де болған. Садовое ауылындағы Строительная көшесінің бойындағы үйлердің бірінде өрт шыққан. «Алдымен, үйдің төбе жабындысына шоқ тиген. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Өрттен 1956 жылы туған ер адам мерт болды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамдағы 12 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылған», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы.
Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жау 6:30-да сөндірілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓