Әулиекөл – әлеуетті аудан

Қостанай облысындағы іргелі аудандардың бірі – Әулиекөл. Республикалық маңызы бар жолдың бойындағы бұл ауданның әлеуеті зор. Күре жолдан бөлек, әсем табиғаты һәм құнарлы жері тағы бар.IMG_2879Облыс орталығымен қоңсылас жатқан ауданға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов ат басын бұрды. Ол егіс алқабында жергілікті ауылшаруашылық кәсіпкерлерімен кездесіп, биылғы астық жайында ой бөлісті. Әулиекөл даласының басым бөлігіне бидай себілген, майлы дақылдар көлемі мардымсыз. Облыс әкімі келешекте егіс түрін түрлендіру керектігін алға тартты.
IMG_2885
IMG_2895
IMG_2861-Қостанай облысы аталғанда, алдымен астық еске түседі. Бұл біздің – бренд. Бидай себуден ешқашанда жаңылмаймыз, бірақ нарықтың жетегінде жүру керек. Қазір майлы дақылдарға сұраныс артып тұрған шақ. Сондықтан, осыған сәл көңіл бөлсеңіздер деймін. Әулиекөл жері құнарлы, Қостанай ауданымен шектес жерлерде дәнді-дақылдар себуге әбден болады,-деді ол.
Мұнда орақ маусымына да әзірлік басталған. Техника жетерлік, диқандар бабында. Биыл жаңбыр да жақсы жауды, сондықтан егін бітік шығады деген сенім мол дейді дала еңбеккерлері.
IMG_2943
IMG_2934Бұдан соң өңір басшысы "Теміржол вагондарына астық тиеу терминалында" болды. Серіктестік басшысы Юрий Зайкин мұнда қарқынды құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Әзірге ол екі бірдей астық сақтау қоймасын тұрғызып жатыр. Әрқайсысының сыймдылығы 8 мың тоннадан. Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарына дейін ауласына тас жол төсеуді көздеп отыр екен. Жүк тасымалдауға 16 вагон сыяатын темір жолы да бар. 
IMG_2960
IMG_2945Әулиекөлдегі әлеуетті өндіріс ошақтарының бірі – «Арна» кеспе өнімдері зауыты. Мұнда кеспенің түр-түрі және жайма да жасалады. Бір аусымда 350 келі өнім шығарады. Сапасын облыс тұрғындары жақсы біледі, көптің көңілінен шыққан тауар, бағасы да арзан. Жергілікті 24 адамды жұмыспен қамтып отыр. 16 млн теңгеге биыл жөндеу жұмыстары жасалды. Ендігі мақсат – республиканың басқа аймақтарына шығу.
IMG_2967
IMG_2997-Кеспе зауытының жұмысы да, өнімі де ұнады. Сондықтан жуық арада өзге нарыққа шығу керек. Еліміздің батыс өңірлерімен байланыс орнатып көріңдер,-деді облыс әкімі.IMG_2990Облыстың қақ ортасынан орын тепкен ауданда тіршілік үнемі қайнап тұрады. Бұл тұс еліміздің төрт бұрышын жалғап, сондай-ақ көршілес елдерге өтетін қақпа іспетті. Сол себепті кәсіпкерлікке кең өріс бар. Сөз басында күре жолдың да сайрап тұрғанын айтып өткен едік.IMG_3066Ілкімді істер легі бұнымен шектелмейді. Аудан орталығынан 77 шақырым жерде жатқан Көктал ауылында биыл жаңа мектеп бой көтермек. Қазір бұл білім ошағының құрылысы басталып кетті. Бірақ Оңтүстік Қазақстан облысынан келген мердігер жұмыс қарқынын сәл саябырсытып алған сыңайлы. Құрылысшылар мектептің іргетасын енді ғана салып бітірген, ал бір жарым айдан соң сабақ басталмақ. Облыс басшысы аудан әкімі мен мердігерге қатаң ескерту жасады.IMG_3112
IMG_3107-Сендер мектеп құрылысына кіріскелі бір ай болды, бітірген жұмыстарыңның түрі мынау. Сонау Шымкенттен келіп, өздеріңді де, бізді де әуреге саласыңдар. Әр апта сайын маған баяндама жасап отырыңдар және Шымкентке хабарласып, құрал-жабдыққа қатысты тапсырыстарды нақтылаңдар, дереу құжаттарын тексеріңдер. Егер үлгермесе, мердігерлік компанияны лицензиясынан айырамыз,-деді ол.IMG_3136
IMG_3084Құрылыстың жалпы құны – 310 млн теңге. Ғимарат екі қабатты, 60 балаға шақталған шағын мектеп болмақ. Кешігудің басты себебі құрылыс материалдары мен техниканың тапшылығы дейді құрылысышлар. Бірақ «Омега-Строй» құрылыс компаниясы басшысының қызметін атқарушы Балтабай Асан уақытылы аяқтауға уәде етті.
Сондай-ақ, Көкталға жетер жолдың 18 шақырымына биыл тас жол төселеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінбек. Қалған бөлігі келер жылы жөнделуі ықтимал.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓