ЖАЗБА АЙТЫС: Ғалымгерей мен Нұрдәулет
"Мен бір жұмбақ адаммын" республикалық жазба айтысының үшінші айналымының соңғы жұбын жариялаймыз. Олар – жыр-жарысқа Рудный қаласынан қатысып отырған Ғалымгерей Кенжеғозин және Нұр-Сұлтан шаһарының шайыры Нұрдәулет Ғалымжанұлы. Қос ақынның айтысына бір кісідей назар салып, қолдау көрсетіп, пікір қоса отырыңыздар.
Ғалымгерей:
Бас иіп құдіретке халық деген,
Ұл едім Ұлы өнерді дәріптеген.
Қазақтың қара өлеңі – шалқар мұхит,
Туғаннан тұнығынан қанып келем.
Ал, Абай сол мұхитқа құйған дария,
Арнасын жолсыз жерден салыпты ерен.
Өлеңін, өсиетін, өнегесін,
Мәңгілік бағдарым деп танып келем.
Алысып мыңмен жалғыз заманында,
Шам қылып жүрек майын жарық берген.
«Бәрін сүй адамзаттың бауырым деп»,
Баршаға ортақ асыл бағыт берген.
Әлемдік әдебиет тарихында,
Жазылар хәкім алтын әріптермен.
Ақынның арманы жоқ, ақтарылып,
Арнаған Абай сынды алыпқа өлең.
«Қостанай таңы», саған мың да рахмет,
Біздерді қауыштырған халықпенен.
Бабамның мерейтойы қарсаңында,
Белеске бабым жеткен барып көрем.
Ассалаумағалейкүм, ағайындар,
Алдыңа келдім шалқар шабытпенен!
Ұл едім Ұлы өнерді дәріптеген.
Қазақтың қара өлеңі – шалқар мұхит,
Туғаннан тұнығынан қанып келем.
Ал, Абай сол мұхитқа құйған дария,
Арнасын жолсыз жерден салыпты ерен.
Өлеңін, өсиетін, өнегесін,
Мәңгілік бағдарым деп танып келем.
Алысып мыңмен жалғыз заманында,
Шам қылып жүрек майын жарық берген.
«Бәрін сүй адамзаттың бауырым деп»,
Баршаға ортақ асыл бағыт берген.
Әлемдік әдебиет тарихында,
Жазылар хәкім алтын әріптермен.
Ақынның арманы жоқ, ақтарылып,
Арнаған Абай сынды алыпқа өлең.
«Қостанай таңы», саған мың да рахмет,
Біздерді қауыштырған халықпенен.
Бабамның мерейтойы қарсаңында,
Белеске бабым жеткен барып көрем.
Ассалаумағалейкүм, ағайындар,
Алдыңа келдім шалқар шабытпенен!
Ақындар сөз бастаған қайсар бәрі,
Байыпты бабында екен, байсалды әрі.
Нұржол жұбым еді ғой, ең алғашқы,
Білмедім таңдағынын қайсы арнаны?
Орта жолда үмітті үзіп кетті,
Жарықтай сығырайған май шамдағы.
Екінші айналымда жұп болыпты,
Нәрия қарындасым Зайсандағы.
Жер тарпып тұрған жарау жүйрік едім,
Сайыстың кез келсе де қай саңлағы.
Айтысқа қолы тимей, жолын берді,
Әйтпесе жеме-жемде тойсалмады!
Үшінші айналымда сен жолықтың,
Бауырыма балайын жайсаң жаны.
Ал енді біз жалғайық жыр-жарысты
Аман ба Елорданың жайсаңдары?
Байыпты бабында екен, байсалды әрі.
Нұржол жұбым еді ғой, ең алғашқы,
Білмедім таңдағынын қайсы арнаны?
Орта жолда үмітті үзіп кетті,
Жарықтай сығырайған май шамдағы.
Екінші айналымда жұп болыпты,
Нәрия қарындасым Зайсандағы.
Жер тарпып тұрған жарау жүйрік едім,
Сайыстың кез келсе де қай саңлағы.
Айтысқа қолы тимей, жолын берді,
Әйтпесе жеме-жемде тойсалмады!
Үшінші айналымда сен жолықтың,
Бауырыма балайын жайсаң жаны.
Ал енді біз жалғайық жыр-жарысты
Аман ба Елорданың жайсаңдары?
Ақындарды қарсы алып жыр әлемі,
Айтыс өнер, аламан сынақ еді!
Қарындасыммен қарсылас боп кезіккенде,
Бұл бала мені қатты сынап еді.
Шаппай бәйге алды деп туған ағаң,
Іске алғысыз қып еді мына мені.
Халықымның өнерін қызғандың ба?
Меңзегенің бар еді, сірә нені!?
«Өлеңді де жазбаған ермек үшін»,
Абай сөзі жаныма тұмар еді.
Аламанда алдына қара салмас,
Мен боламын Ақанның құлагері.
Бүгін менің шыдап көр шабысыма,
Куә болсын Арқаның құба белі!
Алты алаш аңыз қылып айтатындай,
Айтыс жасап кетейік бір әдемі.
Айтыс өнер, аламан сынақ еді!
Қарындасыммен қарсылас боп кезіккенде,
Бұл бала мені қатты сынап еді.
Шаппай бәйге алды деп туған ағаң,
Іске алғысыз қып еді мына мені.
Халықымның өнерін қызғандың ба?
Меңзегенің бар еді, сірә нені!?
«Өлеңді де жазбаған ермек үшін»,
Абай сөзі жаныма тұмар еді.
Аламанда алдына қара салмас,
Мен боламын Ақанның құлагері.
Бүгін менің шыдап көр шабысыма,
Куә болсын Арқаның құба белі!
Алты алаш аңыз қылып айтатындай,
Айтыс жасап кетейік бір әдемі.
Табармын інімнің де бір амалын,
Төпелеп, беттен алма, сұранарым!
«Өнерге әркімнің де бар таласы»,
Жаныма жастар келсе қуанамын.
«Сөз сыбыр, іс жыбырға» айналмасын,
Нақылын Ұлы Абайдың құп аламын.
Мақсаты, мүддесі де бірге әрқашан,
Бар ақын баласындай бір ананың!
Өзіңе осы жерден кезек берем,
Сөзін әрі жалғарсың бұл ағаңның!
Төпелеп, беттен алма, сұранарым!
«Өнерге әркімнің де бар таласы»,
Жаныма жастар келсе қуанамын.
«Сөз сыбыр, іс жыбырға» айналмасын,
Нақылын Ұлы Абайдың құп аламын.
Мақсаты, мүддесі де бірге әрқашан,
Бар ақын баласындай бір ананың!
Өзіңе осы жерден кезек берем,
Сөзін әрі жалғарсың бұл ағаңның!
Нұрдәулет:
Туласа жеткізетін шыңды аспанға,
Жүрегі тұнған өлең, жыр-дастанға,
Аманбысың, Алаштың арқалы елі,
Қадірін биік қойған қу бастан да.
Бақтияр, Алдияр мен Ақжолды айтқан,
Бұлттардың бұғауынан күнді ашқанда.
Жансызға жан бітіріп жіберердей,
Киелі топырағыңды бір басқанда.
Ұлы Абайдың сөнген жоқ жарығы әлі,
Жұлдыздай аққанменен түнгі аспанда.
Шер-шеменді тағы да бір тарқатып,
Жүрегімнен үніңе үн қосқанда,
Көңілдің қыл пернесін бір шертейін,
Халқыммен хат арқылы сырласқанда.
Жүрегі тұнған өлең, жыр-дастанға,
Аманбысың, Алаштың арқалы елі,
Қадірін биік қойған қу бастан да.
Бақтияр, Алдияр мен Ақжолды айтқан,
Бұлттардың бұғауынан күнді ашқанда.
Жансызға жан бітіріп жіберердей,
Киелі топырағыңды бір басқанда.
Ұлы Абайдың сөнген жоқ жарығы әлі,
Жұлдыздай аққанменен түнгі аспанда.
Шер-шеменді тағы да бір тарқатып,
Жүрегімнен үніңе үн қосқанда,
Көңілдің қыл пернесін бір шертейін,
Халқыммен хат арқылы сырласқанда.
Бұл күні барлығы да онлайн,
Айтпай кетсек жараспас оны дәйім.
Дертіміз күннен-күнге дендеп барад(ы),
Қой түгілі жақса да бөрі майын.
Үйде отырған айрылып жақынынан,
Бұл қазақтың жеп отыр көбі уайым.
Жазмыштан озмыш жоқ қой сірә,
Атам десе ажалдың оғы дайын.
Тәубемнен жаңылғам жоқ Жаппар ием,
Көп ұзамай туса екен оңыма айым.
Осынау кең даламды жоқтау айтып,
Жаңғыртудан сақташы, о, Құдайым.
Айтпай кетсек жараспас оны дәйім.
Дертіміз күннен-күнге дендеп барад(ы),
Қой түгілі жақса да бөрі майын.
Үйде отырған айрылып жақынынан,
Бұл қазақтың жеп отыр көбі уайым.
Жазмыштан озмыш жоқ қой сірә,
Атам десе ажалдың оғы дайын.
Тәубемнен жаңылғам жоқ Жаппар ием,
Көп ұзамай туса екен оңыма айым.
Осынау кең даламды жоқтау айтып,
Жаңғыртудан сақташы, о, Құдайым.
Ер едік екі қолға байрақ алған,
Кезі жоқ антын бұзып, тайған ардан.
Ассалаумағалейкум, Ғалым аға,
Шайырды шақ келтірмей шайға қанған.
Аламанға шыққанда қарсыласты,
Жұтқанды жеңіл санар шайнағаннан.
Ар қылып "Шаппай жеңді" дегенімді,
Айтысты бастадыңыз байбаламнан.
Дәл оның таң қалатын түгі де жоқ,
Менсіз де естіп жүрсің айналаңнан.
Бисмилләсін финалда бастап жатқан,
Сіздегі асып кетті-ау айдан арман.
Қос бірдей ақын жолын беріп кеткен,
Сізді ойлап жалықпаймын "қайран-аудан".
Осы айтыста өзіңіз болып тұрсыз,
Қанжар сұқпай қанжыға байлаған жан.
Өзгелердің жолымен жүріп келіп,
Өзіне лайықты орын сайлап алған.
Кезі жоқ антын бұзып, тайған ардан.
Ассалаумағалейкум, Ғалым аға,
Шайырды шақ келтірмей шайға қанған.
Аламанға шыққанда қарсыласты,
Жұтқанды жеңіл санар шайнағаннан.
Ар қылып "Шаппай жеңді" дегенімді,
Айтысты бастадыңыз байбаламнан.
Дәл оның таң қалатын түгі де жоқ,
Менсіз де естіп жүрсің айналаңнан.
Бисмилләсін финалда бастап жатқан,
Сіздегі асып кетті-ау айдан арман.
Қос бірдей ақын жолын беріп кеткен,
Сізді ойлап жалықпаймын "қайран-аудан".
Осы айтыста өзіңіз болып тұрсыз,
Қанжар сұқпай қанжыға байлаған жан.
Өзгелердің жолымен жүріп келіп,
Өзіне лайықты орын сайлап алған.
Пайда ойласам, қаратпан ешкімге бет,
Арды ойласам, бақыт бұл бес күнде жоқ.
Адалдық – ардың ісі, ақиқатты,
Айту керек, айтқанды есту керек.
Ағатай, қалжыңымды көңілге алма,
Тартыс үшін жырымды қостым бөлек.
Бағыңызбен таласу ойымда жоқ,
Ескегіңді есепсіз естің бе деп.
Жолың болса, ол дағы – Хақтың ісі,
Әр пендесін өзінше кескіндемек.
Дүниеден озып кеткен адамдар көп,
Тағдырдан озып кеткен ешкім де жоқ.
Арды ойласам, бақыт бұл бес күнде жоқ.
Адалдық – ардың ісі, ақиқатты,
Айту керек, айтқанды есту керек.
Ағатай, қалжыңымды көңілге алма,
Тартыс үшін жырымды қостым бөлек.
Бағыңызбен таласу ойымда жоқ,
Ескегіңді есепсіз естің бе деп.
Жолың болса, ол дағы – Хақтың ісі,
Әр пендесін өзінше кескіндемек.
Дүниеден озып кеткен адамдар көп,
Тағдырдан озып кеткен ешкім де жоқ.
Ғалымгерей:
Аралап қара өлеңнің иран бағын,
Асатын айдан ары кейде арманым.
Қадірін түсінсін деп ұлы өнердің,
Тәңірім тал бойыма құйған дарын.
Айтыспай-ақ өтті деп ақтық сынға,
Қайғырып жүргендейсің финал қамын.
Бір нәрсені мыжғылап жаза бермей,
Жөн болар жазба айтыста жиналғаның.
Көре алмай жолы болғыш екенімді,
Сөзіңнен сезіліп тұр қиналғаның.
Іші тар сендейлерге таң қаламын,
Қимайтын Жаратқанның қиған бағын.
Асатын айдан ары кейде арманым.
Қадірін түсінсін деп ұлы өнердің,
Тәңірім тал бойыма құйған дарын.
Айтыспай-ақ өтті деп ақтық сынға,
Қайғырып жүргендейсің финал қамын.
Бір нәрсені мыжғылап жаза бермей,
Жөн болар жазба айтыста жиналғаның.
Көре алмай жолы болғыш екенімді,
Сөзіңнен сезіліп тұр қиналғаның.
Іші тар сендейлерге таң қаламын,
Қимайтын Жаратқанның қиған бағын.
Алланың жазғанына көнеміз де,
Амал жоқ ажал жетсе өлеміз де.
Бұл күнді би-шешендер болжап кеткен,
Сол болжамға әрине сенеміз де.
Ақырзаман келгенде ел азады,
Рухсыздар түскен соң бөлек ізге.
Соғыссыз-ақ біртіндеп азаямыз,
Жаудың оғы тимей-ақ денемізге.
Жайбарақат жүретін қазақ едік,
Жай түсіп жатса-дағы төбемізге.
Құдайым қазағыма сабыр беріп,
Тура жолды нұсқасын төремізге.
Амал жоқ ажал жетсе өлеміз де.
Бұл күнді би-шешендер болжап кеткен,
Сол болжамға әрине сенеміз де.
Ақырзаман келгенде ел азады,
Рухсыздар түскен соң бөлек ізге.
Соғыссыз-ақ біртіндеп азаямыз,
Жаудың оғы тимей-ақ денемізге.
Жайбарақат жүретін қазақ едік,
Жай түсіп жатса-дағы төбемізге.
Құдайым қазағыма сабыр беріп,
Тура жолды нұсқасын төремізге.
Сөзімді сабырменен сабақтармын,
Жасымнан биіктерге талаптандым.
Жолыменен жүргейсің дана Абайдың,
Соңына түсе бермей сан ақпардың.
Ешқашан абыройлы болмайсыңдар,
Үлкенмен салғыласып, қарақтарым.
Осы айтысты создың ғой бір ай бойы,
Көп дедің жұмыстарың, сабақтарың.
Мен қайта сабыр сақтап тостым сені,
Әйтпесе жол беруге сәл-ақ қалдың.
Жасымнан биіктерге талаптандым.
Жолыменен жүргейсің дана Абайдың,
Соңына түсе бермей сан ақпардың.
Ешқашан абыройлы болмайсыңдар,
Үлкенмен салғыласып, қарақтарым.
Осы айтысты создың ғой бір ай бойы,
Көп дедің жұмыстарың, сабақтарың.
Мен қайта сабыр сақтап тостым сені,
Әйтпесе жол беруге сәл-ақ қалдың.
Онлайннан жоқ па еді басқа қайғың,
Өлеңіңнен көргем жоқ асқан айбын.
Таба алмай отырсаң айтатын сөз,
Мен қалайша тартысты бастамаймын.
Ыбырай мен Абайды қатар жырла,
Сау тұрғанда тіршілік, аспан, ай, күн.
Семей сынды құнарлы бар топырақ,
Қазақтың рухына қосқан айбын.
Жазба айтысты біз бастап қолға алған соң,
Қалайша бұл жобаны қостамаймын.
Мың алғыс газетіне обылыстың,
Бұлағы деп білетін жастар ойдың.
Дархан мінез, кең пейіл, өнер құмар,
Оқырманын жырға қос Қостанайдың.
Өлеңіңнен көргем жоқ асқан айбын.
Таба алмай отырсаң айтатын сөз,
Мен қалайша тартысты бастамаймын.
Ыбырай мен Абайды қатар жырла,
Сау тұрғанда тіршілік, аспан, ай, күн.
Семей сынды құнарлы бар топырақ,
Қазақтың рухына қосқан айбын.
Жазба айтысты біз бастап қолға алған соң,
Қалайша бұл жобаны қостамаймын.
Мың алғыс газетіне обылыстың,
Бұлағы деп білетін жастар ойдың.
Дархан мінез, кең пейіл, өнер құмар,
Оқырманын жырға қос Қостанайдың.
Нұрдәулет:
Жырласаң, таусылған ба ерлігі ұлттың,
Тыңдасаң, шерге тұнып, шенді ұмыттың.
Ағатай, ашуланбай сабаңа түс,
Сабырлық – бір бейнесі ер жігіттің.
Маңдайдағы бағыңды қызғанбаймын,
Финалға мен де іліктім, сен де іліктің.
Жай ғана қалжың қылып айтқаным ғой,
Басын бастап тұрғам жоқ мен бүліктің.
Ол рас, сабақтарым бастан асып,
Лайықты бағамды алып енді біттім.
"Адамзаттың бәрін сүй" деген Абай,
Өзіңді нар ағам деп мен біліппін.
Жұдырықтай жұмылсақ жұмыр сөйлеп,
Біз де бірі болармыз белді жұптың.
Ойда жоқта финалға шыққаннан соң,
Ойынан шығу керек енді жұрттың.
Тыңдасаң, шерге тұнып, шенді ұмыттың.
Ағатай, ашуланбай сабаңа түс,
Сабырлық – бір бейнесі ер жігіттің.
Маңдайдағы бағыңды қызғанбаймын,
Финалға мен де іліктім, сен де іліктің.
Жай ғана қалжың қылып айтқаным ғой,
Басын бастап тұрғам жоқ мен бүліктің.
Ол рас, сабақтарым бастан асып,
Лайықты бағамды алып енді біттім.
"Адамзаттың бәрін сүй" деген Абай,
Өзіңді нар ағам деп мен біліппін.
Жұдырықтай жұмылсақ жұмыр сөйлеп,
Біз де бірі болармыз белді жұптың.
Ойда жоқта финалға шыққаннан соң,
Ойынан шығу керек енді жұрттың.
Бұл күні әлсізің де, мықтың да сақ,
Жасарын біз де жүрміз жұрттың жасап.
Індетің іннен шығып, әлем шарлап,
Көкке бір-ақ жетпекші, жықтырмасақ.
Бес асыл істі жиып жанымызға,
Бес дұшпанды тұқыртып, тұтқындасақ.
Иманымыз – негізгі иммунитет,
Әлсірей береді ол да, түк қылмасақ.
Құтыламыз деп жүрміз құрық көрмей,
Жалғыз жүріп, жан сақтап, жұп құрмасақ.
Тәубе етпей түк өнбейді топандағы,
Алсақ та кең кемесін Нұхтың жасап.
Ауру да оңай жұғар бойымызға,
Ұлы Абайдың қасиетін жұқтырмасақ.
Жасарын біз де жүрміз жұрттың жасап.
Індетің іннен шығып, әлем шарлап,
Көкке бір-ақ жетпекші, жықтырмасақ.
Бес асыл істі жиып жанымызға,
Бес дұшпанды тұқыртып, тұтқындасақ.
Иманымыз – негізгі иммунитет,
Әлсірей береді ол да, түк қылмасақ.
Құтыламыз деп жүрміз құрық көрмей,
Жалғыз жүріп, жан сақтап, жұп құрмасақ.
Тәубе етпей түк өнбейді топандағы,
Алсақ та кең кемесін Нұхтың жасап.
Ауру да оңай жұғар бойымызға,
Ұлы Абайдың қасиетін жұқтырмасақ.
Ежелден берік едік уәдеге біз,
Адалдықтың соңынан және ереміз.
Ұлылардың қадірі ханнан биік,
Жырын оқып жүрекке дән егеміз.
Біз ешқашан Абайға жете алмаспыз,
Кенелсек те сыйлық пен кәдеге жүз.
Одан асқан бақыт жоқ өлең-жырын,
Түсінуге жете алса дәрежеміз.
Адалдықтың соңынан және ереміз.
Ұлылардың қадірі ханнан биік,
Жырын оқып жүрекке дән егеміз.
Біз ешқашан Абайға жете алмаспыз,
Кенелсек те сыйлық пен кәдеге жүз.
Одан асқан бақыт жоқ өлең-жырын,
Түсінуге жете алса дәрежеміз.
Керегі жоқ үлде мен бүлделерің,
Өлсем мен тілімменен бірге өлемін.
Әлпештеп, төсіне сап әлдилеген,
Ана тілім, мен едім бір бөбегің.
Сырттаны болсам егер ер жігіттің,
Сын сағатта несіне сыр беремін.
Оқырманға татымды өлең арнап,
Үміттерді ақтауға үлгеремін.
Ал, ағасы сөзіңді жалғай отыр,
Бөтен ойым жоқ саған мүлде менің.
Кезегіңді берейін тағы да бір,
Кезеніп тұрған болсаң жыр беренін.
Өлсем мен тілімменен бірге өлемін.
Әлпештеп, төсіне сап әлдилеген,
Ана тілім, мен едім бір бөбегің.
Сырттаны болсам егер ер жігіттің,
Сын сағатта несіне сыр беремін.
Оқырманға татымды өлең арнап,
Үміттерді ақтауға үлгеремін.
Ал, ағасы сөзіңді жалғай отыр,
Бөтен ойым жоқ саған мүлде менің.
Кезегіңді берейін тағы да бір,
Кезеніп тұрған болсаң жыр беренін.
Ғалымгерей:
Айтқан сөзің жайында ойланармын,
Бауырым, неге сонша майдаландың?
Жиырма бірінші ғасырда қыңыр сөйлеп,
Адамы боп отырсың қай заманның.
Ашу емес, ашығын айтқан едім,
Адамы мен емеспін байбаламның.
Адамзатты бәрін сүйсең, бір ай созбай,
Осы айтысты аяқтасаң қайда қалдың?
Сабағымнан алдым деп жақсы баға,
Қара бастың қамы тек ойлағаның.
Финалға еңбектеніп өткеніңді,
Өзіңше қару қылып сайлап алдың.
Жұптарым бас тартқанын біле тұрып,
Жөн болмады ағаңмен ойнағаның.
Байқаймын, ысқырығың жер жарады,
Бес ешкі болғанменен айдағаның.
Бауырым, неге сонша майдаландың?
Жиырма бірінші ғасырда қыңыр сөйлеп,
Адамы боп отырсың қай заманның.
Ашу емес, ашығын айтқан едім,
Адамы мен емеспін байбаламның.
Адамзатты бәрін сүйсең, бір ай созбай,
Осы айтысты аяқтасаң қайда қалдың?
Сабағымнан алдым деп жақсы баға,
Қара бастың қамы тек ойлағаның.
Финалға еңбектеніп өткеніңді,
Өзіңше қару қылып сайлап алдың.
Жұптарым бас тартқанын біле тұрып,
Жөн болмады ағаңмен ойнағаның.
Байқаймын, ысқырығың жер жарады,
Бес ешкі болғанменен айдағаның.
Жайқалып жасыл далам, солмай мәңгі,
Жауыздар жасаса да зор майданды,
Ақша жайын айқаймен шешуші едік,
Індет кеп тіл күрмеліп, қол байланды.
Қатынас орнатып ек қытай жақпен,
Жөндейміз деп қаржылық жағдайларды,
Еліміз бұл достықтан жапа шегіп,
Арманымыз баққа емес, сорға айналды.
Жемқорлар жеп бітіріп қазынамды,
Ұлттық қор ұры түсер қорға айналды.
Басыңа күн туғанда елден безер,
Ел мүддесін сатқындар қорғай ма әлгі.
Бұл індет сабасына түсіруде,
Мал шашқыш басшылар мен даңғойларды.
"Күн ысыса бұл вирус тоқтар" деген,
Көпшіліктің үміті жанбай қалды.
Дәріхана алдында ұзын кезек,
Төмендеп тірлігіміз оңбай қалды.
Емханаға ем іздеп барғанменен,
Ел көңілі ем-домға толмай қалды.
"Құйрық жеген озар" деп қазақ айтқан,
Сол мақал халық үшін заңға айналды.
Шетелдің дәрілері шипасыз боп,
Қазақы емнен артығы болмай қалды.
Жауыздар жасаса да зор майданды,
Ақша жайын айқаймен шешуші едік,
Індет кеп тіл күрмеліп, қол байланды.
Қатынас орнатып ек қытай жақпен,
Жөндейміз деп қаржылық жағдайларды,
Еліміз бұл достықтан жапа шегіп,
Арманымыз баққа емес, сорға айналды.
Жемқорлар жеп бітіріп қазынамды,
Ұлттық қор ұры түсер қорға айналды.
Басыңа күн туғанда елден безер,
Ел мүддесін сатқындар қорғай ма әлгі.
Бұл індет сабасына түсіруде,
Мал шашқыш басшылар мен даңғойларды.
"Күн ысыса бұл вирус тоқтар" деген,
Көпшіліктің үміті жанбай қалды.
Дәріхана алдында ұзын кезек,
Төмендеп тірлігіміз оңбай қалды.
Емханаға ем іздеп барғанменен,
Ел көңілі ем-домға толмай қалды.
"Құйрық жеген озар" деп қазақ айтқан,
Сол мақал халық үшін заңға айналды.
Шетелдің дәрілері шипасыз боп,
Қазақы емнен артығы болмай қалды.
Нұрдәулет, жасай бермей текке ерегес,
Айтсаңшы ақын болып көпке кеңес.
Айтыстың шартыменен қатты айтсам да,
Алашым өлеңіме өкпелемес.
"Мылтықсыз майдан" ғой бұл шыныменен,
Вируспенен қылса егер тек төбелес.
Қарусыз-ақ халықты қырып жатқан,
Залымдар бақытты боп, көктемек еш.
Аурудан айығу былай тұрмақ,
Ұл-қызымен қоштасу, әттең, елес.
Емхананың есігін ашқандардың,
Көбісі үйлеріне жеткен емес.
Айтсаңшы ақын болып көпке кеңес.
Айтыстың шартыменен қатты айтсам да,
Алашым өлеңіме өкпелемес.
"Мылтықсыз майдан" ғой бұл шыныменен,
Вируспенен қылса егер тек төбелес.
Қарусыз-ақ халықты қырып жатқан,
Залымдар бақытты боп, көктемек еш.
Аурудан айығу былай тұрмақ,
Ұл-қызымен қоштасу, әттең, елес.
Емхананың есігін ашқандардың,
Көбісі үйлеріне жеткен емес.
Бауырым, қош-есен бол осыменен,
Жүре бер салт-дәстүрге қосып өлең.
Газеттен оқығанда жазба айтысты,
Еріксіз түсемін ғой есіңе мен.
Әттең, сенің жұмысың қауырт боп тұр,
Әйтпесе, Құлагердей көсілер ем.
Қазақтың жайын жырлап, ұлы Абайдай,
Армансыз тоқтамастан шешілер ем.
Айтысқа жүрдім-бардым қарай берме,
Болсыншы дүниеде досың өлең.
Әрдайым, көк туымды құлатпасын,
Ел еңсесін көтеріп есіл өлең.
Жүре бер салт-дәстүрге қосып өлең.
Газеттен оқығанда жазба айтысты,
Еріксіз түсемін ғой есіңе мен.
Әттең, сенің жұмысың қауырт боп тұр,
Әйтпесе, Құлагердей көсілер ем.
Қазақтың жайын жырлап, ұлы Абайдай,
Армансыз тоқтамастан шешілер ем.
Айтысқа жүрдім-бардым қарай берме,
Болсыншы дүниеде досың өлең.
Әрдайым, көк туымды құлатпасын,
Ел еңсесін көтеріп есіл өлең.
Нұрдәулет:
Көзді арбайды екен ғой сиқыршылар,
Қозғалмайды екен ғой кей тыңшылар.
Сөзден қамал тұрғызып ал ақындар,
Еміреніп ел қамын жейтін шығар.
"Бір ай бойы создың" деп бұл айтысты,
Алдекеңе боп жатыр кейпің сыңар.
Бір апта бұрын ғана сөзді бастап,
Сен емес пе ең елдің хал, сиқын сұрар?
Ойбай-ау, онда қатты тездетейін,
Асықпасам жан екен жиі қырсығар.
Енді бір күн кешіксем бұл ағамыз,
Бір жыл бойы айтыстым дейтін шығар.
Қозғалмайды екен ғой кей тыңшылар.
Сөзден қамал тұрғызып ал ақындар,
Еміреніп ел қамын жейтін шығар.
"Бір ай бойы создың" деп бұл айтысты,
Алдекеңе боп жатыр кейпің сыңар.
Бір апта бұрын ғана сөзді бастап,
Сен емес пе ең елдің хал, сиқын сұрар?
Ойбай-ау, онда қатты тездетейін,
Асықпасам жан екен жиі қырсығар.
Енді бір күн кешіксем бұл ағамыз,
Бір жыл бойы айтыстым дейтін шығар.
Тербелсе жеткізердей толғауды айға,
Ғалекең қапалы екен болған жайға.
"Сабағың – қара бастың қамы" дейді,
Салмақты сөз тізгінін алған бойда.
Сабақ оқып сабылып жүрген ұлдың,
Жаратқан өзі жолын оңғармай ма?
Онсыз да білімі жоқ мамандардың,
Кесірінен жабысты сор маңдайға.
Жанын салмай, малын сап, диплом алып,
Білмейді долбар қайда, доллар қайда?
Осындай ойсыздарды ойнақтатпай,
Қорқаулардан біздің ел қорғанбай ма?
Тек маған тіреп қойып сен отырсың,
Жаны ашымас адамдай ол жағдайға.
Білім алмай атқарған бір қызметім,
Бәрімізге құрылған тор болмай ма?
Еліме еңбегімді қия алмасам,
Ең үлкен қиянатым сол болмай ма?
Ғалекең қапалы екен болған жайға.
"Сабағың – қара бастың қамы" дейді,
Салмақты сөз тізгінін алған бойда.
Сабақ оқып сабылып жүрген ұлдың,
Жаратқан өзі жолын оңғармай ма?
Онсыз да білімі жоқ мамандардың,
Кесірінен жабысты сор маңдайға.
Жанын салмай, малын сап, диплом алып,
Білмейді долбар қайда, доллар қайда?
Осындай ойсыздарды ойнақтатпай,
Қорқаулардан біздің ел қорғанбай ма?
Тек маған тіреп қойып сен отырсың,
Жаны ашымас адамдай ол жағдайға.
Білім алмай атқарған бір қызметім,
Бәрімізге құрылған тор болмай ма?
Еліме еңбегімді қия алмасам,
Ең үлкен қиянатым сол болмай ма?
Болған соң биігі бір, белесі бір,
Қалайша ұлттың қамын жемесін ұл.
Бойында қарт Торғайдың қамсыз күлген,
Ойымда өткен күннің елесі жүр.
Ауасы – жанға дауа, тәнге азық,
Жағасы – жасыл желек, төбесі – нұр.
Сыр шертіп елмен бірге жүруші едік,
Сайланып түгел сөздің төресі – жыр.
Хан демей, қара демей ал бүгінде,
Атылуда аурудың жебесі бұл.
Ығы-жығы халықтың у-шуы емес,
Естілуде тек қана неге сыбыр?
Жыл сайын өтіп жүрген Жазба айтысым,
Бақытқа бізді тағы бөлеші бір.
Төрт көзіміз түгел боп жолыққанша,
Кеселден аман шығып келесі жыл.
Қалайша ұлттың қамын жемесін ұл.
Бойында қарт Торғайдың қамсыз күлген,
Ойымда өткен күннің елесі жүр.
Ауасы – жанға дауа, тәнге азық,
Жағасы – жасыл желек, төбесі – нұр.
Сыр шертіп елмен бірге жүруші едік,
Сайланып түгел сөздің төресі – жыр.
Хан демей, қара демей ал бүгінде,
Атылуда аурудың жебесі бұл.
Ығы-жығы халықтың у-шуы емес,
Естілуде тек қана неге сыбыр?
Жыл сайын өтіп жүрген Жазба айтысым,
Бақытқа бізді тағы бөлеші бір.
Төрт көзіміз түгел боп жолыққанша,
Кеселден аман шығып келесі жыл.
Галымгерей Азамат!
Жарайсын!
Галымгерей,азамат!?
Ғалымгерей красавчик.
Galimgerei molodec
Галымкерей, жарайсын алга!
Жарайсың Ғалымгерей!! Тек алға????
Галымгерей Алга!
Галымгерей агамызга саттилик!!!