Қостанайлықтар Астана күнін тойлады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Елорданың туған күнін бүгін Тобыл тұрғындары да кеңінен атап өтті. Бұл күні қаланың бірқатар аудандарында мерекелік мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.IMG_0743
 
IMG_0765
IMG_0774Күндіз қала қонақтары мен тұрғындары мотожарыс пен сити орталықта өткен жастардың флешмобын тамашалады. Ал, кешкісін мерекелік шара орталық алаңда ұйымдастырылған «Арман қала – Астана» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Онда жергілікті өнерпаздар ән айтып, би биледі. Еңселі Елордамызға арналған бұл мерекелік шара да орталық алаңға жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.IMG_0749
 
IMG_0769
IMG_0760 — копияАстана – санаулы жылдар ішінде сәулеті мен дәулеті келіскен ірі ресми, мәдени, рухани орталыққа айналды. Бүгінде әлем Астананы Қазақстанмен егіз ұғым ретінде танитын болды. Атаулы датаға арналған мерекелік шарада жиналған жұртшылық та әлем бойынша ең жас қаланың 19 жыл ішінде бағындырған биік белестері жайлы тамсана сөз етті.IMG_0767
 
IMG_0777
IMG_0804
IMG_0783-Әлемдегі әрбір адамның өз елінің астанасын мақтан тұтары сөзсіз. Мен де елімнің елордасын мақтан етемін. Сондықтан, Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар әрбір қазақтың мақтанышы деп білемін. Келбетіне өзге жұрт қызыға да, қызғана да қарайтын Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Бүгін міне, біз де Астанаға барып тойламасақ та, Елордамыздың туған күнін өз жерімізде атап өтіп жатырмыз. Бас қаламыздың және Елбасымыздың туған күні құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай, – дейді қала тұрғыны Болат Есжанұлы.IMG_0826
 
IMG_0828
IMG_0810
IMG_0806Осылайша, қостанайлықтар да сәні мен салтанаты жарасқан Сарыарқаның төсіндегі айбынды Астана күнін ұйымшылдықпен қарсы алды. Орталық алаңға жиналған көпшілік ару қалаға арналған мерекелік бағдарламаны тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
IMG_0791
IMG_0788
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓