Сабантой – достық мейрамы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Қостанай қаласында татар ұлтының өкілдері "Сабантой" мейрамын атап өтті. Қазақстанда осымен 13-рет думандатылып отырған республикалық шараға Татарстан президенті Рустам  Минниханов арнайы делегат бастап келді.  Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қатысқан татарлар да орта толтырды. IMG_1353
IMG_1429
 
IMG_1361Сабантой – еңбексүйгіш елдің ынтымағының, жомарттығының нышаны іспетті мерекесі. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттардың бірлігін бекемдей түсетін көңілді думан. Бейбітшілік пен достық мейрамы. Биыл бұл тойдың Тобыл өңірінде өткізілуі мәдени-рухани ғана емес, Татарстан мен Қостанай облысы арасындағы экономикалық қатынастың нығаюына себепкер болады. Бұл туралы бас мейман Р.Миннихановпен кездесу өткізген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов атап өтті. Дөңгелек үстел басындағы кең ауқымды отырыста бауырлас елдің өкілдеріне, көршілес облыстардағы диаспора мүшелеріне сөз берілді. Олар қатысушыларға құттықтау лебіздерін жолдап, аталмыш шараның мән-маңызына тоқталды.IMG_1450
Мұнан соң Р.Минниханов ат басын "Агромаш Холдинг" АҚ-на бұрды. Ол жерде зауыттың тыныс-тіршілігімен, көлік құрастыру алаңының жұмысымен, бірегей өнімдерімен жан-жақты танысты. IMG_1524
IMG_1539Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қойылған электромобильдің тізгініне отырып, токпен жүретін көлікті сынап көрді. IMG_1631
IMG_1653Таңданған қонақтарға тосынсый жасалды. Компания басшылығы Татарстан автомотоспорт федерациясына бір электромобильді тарту етті.IMG_1678
Мереке ауылы Тобыл жағалауындағы "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" саябағы маңына орналастырылыпты. Оң жақ беті – қаз-қатар киіз үйлер. Оларды облысқа қарасты барлық аудандар әкеліп тіккен. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, тұрмыс-тіршілігі, ырым-жоралғылары мен ойын-сауығы осы маңнан көрініс табады.IMG_1720
IMG_1754
IMG_1757
IMG_1810
IMG_1834
IMG_1866 Ақ үйлерді аулалай өткен облыс әкімі мен Татарстан басшысы ашық аспан астындағы басты сахнаны бетке алды. Бұл жерде бауырлас елдің әні мен биі той көрігін қыздырып жатты.IMG_1988
IMG_2113
IMG_1991
IMG_1961
IMG_2011
IMG_2043Көрермендер қарасы қалың, ине шаншар жер жоқ. Жалпыхалықтық мейрамға бергісіз десе де болатындай. Оны құттықтау лебізін айтуға ел алдына шыққан қос басшы да сөздеріне өзек етті. А.Мұхамбетов пен Р.Миннихановтың қолынан өңірдің дамуына әр сала бойынша өз үлестерін тигізіп жүрген татар ұлтының бірқатар өкілі алғыс хаттар алды. IMG_2130
IMG_2130
IMG_2178IMG_2158IMG_1963Мұнан соң Татарстаннан келген өнерпаздар көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынды.
Ал сахнаның сол жақ бетіне татар ауылы қоныс тепкен. Ағаш үйлер алдында олардың ұлттық музыкасы бебеу қағады. Мерекелік көңіл-күйді сездіретін ойын-сауық тұс-тұста жалғасып жатыр.IMG_2197
IMG_2314
IMG_2227
IMG_2408Ауылды аралай жүріп, олардың ұлттық тағамдары, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тынысынан мәлімет алуға болады. Бағанаға өрмелеу, бөрене үстімен жүру тәрізді ойындардан да жарыс өтуде. Ең айтулысы – "Куреш" бәсекесі болды. Татарстан басшысы жүлдеге "Лада" жеңіл көлігін тіккен болатын. Ол қостанайлық білекті жігітке бұйырды.IMG_2472
IMG_2491 IMG_2465
IMG_2325
IMG_2383Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар. 
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓