Облыс әкімі қаланы аралады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 2-Совхозный көшесіндегі 75 пәтерлі тұрғын үйді қолданысқа берді. Баспана "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған. Жобалық-сметалық құжаттарын есепке алмағанда, құрылысқа 557 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта облыс бойынша көпқабатты 25 үй салынып жатыр, бас-аяғы 1700 пәтер.IMG_0001
IMG_0016
IMG_0023
IMG_0053
Өңір басшысы қуаныш иелеріне пәтер кілтін табыстап, мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтады. Бұдан соң облыс әкімі Орталық стадион мен "Әуежай" шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарын бас сұқты. Келешекте "Әуежайда" жаңа мектеп пен спорт кешені бой көтермек.IMG_0267
IMG_0240
IMG_0254
IMG_0368Шаһардағы әр аулаға соғып, тұрғындармен тілдесті. Биыл барлық алаңқайлар абаттандырылып, жаңа кейіпке енеді. Облыс әкімі екі аптадан соң қаланы тағы да аралап шығатынын ескертті. IMG_0312
IMG_0350
IMG_0304
Сондай-ақ, ол Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстары мен "Макдональдс" рестораны мен "Қостанай Плаза" ойын-сауық орталығының құрылысымен танысты. Қала көркін аша түсетін ғимараттар күз айларынан бастап қолданысқа берілмек.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
IMG_0106
IMG_0145
IMG_0098
IMG_0229
IMG_0223
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓