Байтұрсын Ілияс – “Қазақстан”

б ильясБайтұрсын Ілияс (1939Торғай облысы Торғай елді мекені – 6.11.2003) – ақын, журналист. Жанкелдин ауданының Торғай ауылында туған. 1963 жылы ҚазҰУ-ды біртірген. Еңбек жолын Қарағанды облысы "Орталық Қазақстан" газетінде бастайды. Көп жылдар "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің Қостанай облысындағы арнаулы тілшісі болған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде доцент қызметін аткарған. "Тың түлектері", "Тоғыз перне", "Алтын бесік", "Патша көңіл" сынды бірнеше кітаптары бар. Көптеген топтамалық жинақтарға өлеңдері мен очерктері енген…

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓