Несие шарттары жақсарды
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін несие шарттарын жақсартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған банк басқармасы төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егер бұрындары салымшы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы баспана алу үшін салымның тура 50 процентін жинауы қажет болса, ендігі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келген салымшылар 30 процентін жинайды. Қалған 20 процент бағдарламаның өсімімен интеграциялануға кетеді. Сонымен қатар бағдарлама аясында ауқымды жеке тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Біз еліміздің өңірлеріне сапарлап қайттық. Әсіресе Қостанай облысында жеке тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын ұй салу үшін несие алуға өтінім берген алғашқы салымшыларымыз да бар», – деді ол.