Халық қалаулысының қамқорлығы

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары Айтжан Есенгелдинов пен Еркін Әбіл және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисембаев партияға жеке сұрақтарымен келген азаматтарды қабылдады. IMG_9776Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Гүлжан Ысмағұловаға құны 1 млн теңгеден асатын дәрі керек. Осыдан 3 жыл бұрын оның тізе буыны зақымданып, сырқырай бастаған. Дәрігерлер ревматизмдік артрит диагнозын қойды. Ауруы асқынып кетпесі үшін оған жылына бірнеше мәрте ремикейд деп аталатын дәрі егіп отыру керек. Ал шетелде шығарылған препараттың біреуі 123 мың теңге тұрады. Оған кемінде 10 дана қажет. Мұндай қымбат дәріні алуға отбасының қалтасы көтермейді. Ауыр дертке душар болған қыздың анасы халық қалауларынан көмек сұрап отыр.
– Дәрігерлер балама қымбат тұратын препараттарды жазып берді. Өзім зейнеткермін, қызым денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайды. Қазір ол балдақпен жүріп жүр. Аз ғана зейнетақым азық-түліктен артылмайды. Қайда жеткізерімді білмеймін, – дейді Гүлжанның анасы Төлебике Ысмағұлова.
Науқасты емдеу мәселесі қаржыға тіреліп тұр. Жәрдемге мұқтаж жанға халық қалаулысы, белгілі кәсіпкер Айтжан Есенгелдин көмектесуге уәде етті.
– Ремикейд дәрісі Германияда шығарылады. Қалай дегенмен, шет елде оның құны әлдеқайда арзан. Мен сұрастырып білдім. Енді препараттың қандай мақсатта қолданылатыны туралы көрсетілген дәрігердің нұсқауы керек. Осы мәліметтерді денсаулық сақтау басқармасы дайындап берсе деген өтініш бар. Құжаттар дайын болғанда дәріні аламыз. Қаржы мәселесін өзіміз шешеміз, – деді Айтжан Есенгелдин.IMG_9830«Нұр Отан» партиясының қабылдауында болған келесі тұрғын – Вера Третьякова. Ол да денсаулық мәселесімен келген. Жұбайына 1-ші топтағы мүгедектікті тағайындауды сұрайды.
«Күйеуімнің аяғына 2 рет ота жасалды. Жүре алмайды. Қос аяғынан айырылды. Дәрігерлер 2-ші топтағы мүгедектік тағайындады. Бірақ, жұбайымның денсаулығы нашарлады, жұмыс істеуге жарамсыз. Далаға шығарайын десем, қоларба да жоқ», – деді қала тұрғыны.
Депутат Айтжан Есенгелдин бұл жолы да көмекке келді. Ол сырқат жанға өз қаржысы есебінен қоларба сыйлады.
Жалпы, депутаттардың айтуынша, мемлекет тағайындап отырған арнайы жәрдемақыларды алғысы келетіндер көп. Бірақ, әлеуметтік көмек тек мүгедектігі медициналық сараптама арқылы дәлелденгендерге ғана беріледі. Сондықтан, осындай мәселелермен келген азаматтар әлеуметтік медициналық сараптамадан өту қажет. Міне, Қарлыға Ысқақова есімді тұрғын осы жағдайды бастан өткеруде. Ол №1 емханаға барып, толық тексерістен өткенін айтады. Бұған қоса, дәрігерлер оның сараптама нәтижелерін жоғалтып жіберіпті-міс.IMG_9855Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ирина Осокина Қарлыға Ысқақованы мүмкіндігі шектеулі жандар санатына қосуға келмейтінін алға тартады.
– Тұрғынның өтініші бойынша, біз тексеру нәтижесін медициналық-әлеуметтік сараптамалар орталығына жібердік. Ол жақтың хабарламасына сүйенсек, Қарлыға Ысқақоваға мүгедектікті тағайындай алмаймыз. Денсаулығында ешқандай ауытқу белгілері байқалмайды, – деді Ирина Осокина.
Бұл күні «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында 5 адам болды. Олардың мәселесін шешуде депутатар аянып қалмайтындарын айтты.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓