ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

 

 «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы әйелдер боксы бойынша Қазақстан Республикасының жаттықтырушысы Роман Миничкиннің өтінішіне сәйкес боксшылардың Алматы қаласындағы жиынға қатынасуларына қаржылай көмек көрсетті. 
c2032f04-b473-4e58-8619-258f20a0720d
Партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев атап айтқандай, отандық спортқа және жергілікті спортшыларға қолдау көрсету біздің парызымыз.
–«Бүгін бізге әйелдер арасындағы бокс бойынша Азия чемпионы Надежда Рябецтің жаттықтырушысы Р. Миничкин, жиынға қатынасуға бару үшін қаржылай көмек көрсету жөнінде өтінішпен келді. Жергілікті спортшыларды біз әрқашанда қолдаймыз, және мүмкіншілігіміз жеткенше қол ұшын созуға даярмыз. Надежда Рябец – ол біздің бокстың болашағы. Сондықтан өтінішті аяқсыз қалдыра алмадық», – дейді  Эльдар Күзенбаев.
Қостанай облысынан жиынға баратындар қатарында Надежда Рябец пен Владислава Кухта бар. Бірінші болып Токиодағы Олимпиадалық ойынға әйелдер арасындағы бокс бойынша лицензия жеңіп алған бірден-бір спортшы екенін атай кеткен жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓