Тетрадзе кетті. Келесі кім?

          «Тобыл» футбол командасының бас бапкері Омари Тетрадзе команда тізгінін босатты. Естеріңізде болса, Қарағандының «Шахтерімен» өткен 17-ші тур ойындарынан кейін О.Тетрадзе  баспасөз мәслихатына келмеген болатын. Кездесу 1:2 есебімен қостанайлық команданың жеңілісімен аяқталғаны мәлім.ТЕТРАДЗЕ
         Омари Тетрадзе команданы өткен жылы 30 мамырда қабылдап алған еді. Бірақ, команда оның тұсында жарқын ойын өрнегін көрсет алмады, турнир кестесінде де ортаңғы топтан шыққан жоқ. Грузиялық маман келгелі «Тобылдан» Нұрбол Жұмасқалиев, Александр Петухов, Томаш Шимкович тәрізді бірқатар мықты футболшылар басқа клубтарға ауысуға мәжбүр болды.
       О.Тетрадзе бұған дейін Ресейдің «Анжи», «Волга», «Нижний Новгород», «Химки», «Енисей» клубтарын жаттықтырған. Қазақстанда «Жетісу» командасының тізгінін ұстағанын білеміз. Бейресми деректерге қарағанда, «Тобыл» клубының басшылары қазір жаңа бас бапкер іздеп жатқан көрінеді. Кейбір БАҚ өкілдері команданы жаттықтыруға Владимир Газзаев пен Иоанн Андоненің біреуі келуі мүмкін дегенді айтады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓