Ертеңнің қамы үшін
Лисаков қаласында отбасы институтын қолдаудың жаңа жобасы іске қосылды. Республика күніне орай өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға арналған орталық ашылды. Онда жатын, ас үй және демалыс бөлмелері орналасқан. Мұнда қолында балалары бар жалғызбасты аналар уақытша паналайды.
Орталықтың ашылуы рәсіміне мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері және бірлестік өкілдері қатысты.
«Дағдарыс орталықтарының желісі дамып келе жатқаны қуантады. Тұрақтылық пен әл-ауқаттың кепілі ретінде отбасы институтын нығайту үшін жұмыстар жалғасу керек. Бүгін Лисаков қаласында өте маңызды және өте үлкен қадам жасалды», – деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.
Орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға және балаларға психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қарастырылған. Сондай-ақ, уақытша баспананың басты бағыттарының бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеу, оларға қорған болу, ал оңалту мерзімі 6 айға созылады.
Қостанай облысы Әйелдер күштері Альянсының төрайымы Римма Бектұрғанова тұрмыстық зорлық-зомбылық әлемдік проблема екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл орталық облыста төртінші болып табылатынын және баспананың материалдық-техникалық жақсы жабдықталғанын атап өтті.
«Лисаков қаласының әкімдігі гендерлік сезімтал екендігіне тағы бір мәрте дәлелдеді және облыста төртінші отбасын қолдау орталығын ашқандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Римма Шыңғысқызы ашылу салтанатында.
Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Саят Шаймұрынов орталықтың қазіргі таңда қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта орталықта медициналық және әлеуметтік қызметкерлермен қоса тәжірибелі психологтар мен заңгерлер жұмыс істейтін болады.
«Бүгінгі таңда Лисаков қаласында 32 тұрмысы төмен отбасы тұрады, оларға әлеуметтік-психологиялық кешенді жұмыс жүргізілуде. Бұл отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық білім беру бойынша көмек көрсетіледі. Мұнымен қоса қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмыстары атқарылады. Орталық отбасы институтын қолдау және сақтауға, әлеуметтік түйткілді шешуге барынша көмек тиеді деп үміттенеміз», – деді Саят Шаймұрынов.
Айта кету керек, моношаһарда отбасылық кикілжіңнің алдын алуға бағытталған сенім телефонын ұйымдастыру жоспарлануда.
Лисаков қаласы.