Талғат тағы да тұғырда!
Маусым айы спорттағы саңлақтарымыз үшін сәтті басталды. Павлодарда 23 жасқа дейінгі палуандар арасында өткен белбеу күресінен республикалық турнирде қостанайлық Талғат Жиентаев чемпион атанды. Ол 100 келіден жоғары салмақта белдесіп, қарсыласын тізе бүктірді. Ал, 68 келіде кілемге шыққан тағы бір жерлесіміз Әділет Жаңбыршы «күміс» жүлдені қанағат тұтты. Турнирге облыс командасын белгілі бапкер, Ұлттық дәрежедегі төреші Сәлім Атығаев бастап апарған еді.
Айтпақшы, осы жарыстан кейін Талғат ҚР спорт шеберлігін нормасын орындады.