Құндылықтың бастауы

Наурыз – табиғат жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен  бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Қазақтың ұлттық киімдері ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар Наурыз мерекесінің ажырамас бөлігі саналады. «Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек», – дейді Елбасы Н.Назарбаев.
С.Мәуленов атындағы гимназия мереке қарсаңында «Ұлттық киім» акциясын жариялады. Акцияның мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұлттық киімдерді дәріптеу. Гимназия ұжымы бір жеті бойы жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киім келіп, сабақ жүргізеді.            
 
-Қазіргі таңда елдегі пандемиялық жағдайға байланысты Наурызға қатысты көптеген іс-шаралар онлайн өткізіліп жатыр. Сондықтан мерекелік атмосфераны орнату, оқушылардың бойындағы елжандылық сезімін арттыру мақсатында осындай акция жарияланып отыр. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған Ұлыстың ұлы мерекесінде отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілейміз! – дейді С.Мәуленов атындағы гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Міркемел.  

 

    

 

 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓