Ұлттық сананы қалыптастырады

IMG_3900
 
Төлен Әбдікұлы, жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
 
 
 
 
 
 
Туған жер деген қасиетті ұғым тұрғанда басқасы екінші орынға түседі. Қостанайдың түлегі болғаннан кейін өңірдегі өзгерістерге, жаңалықтарға ерекше қараймыз. Кез келген жазушының қарым-қабілеті мектептегі қабырға газетінен-ақ көрінуі мүмкін. Одан соң аудандық, облыстық баспасөзге жол ашылады. Ал біздің уақытта қазіргі «Қостанай таңына» екінің бірі мақаласын ұсына алмайтын. Мектеп оқысақ та, есіміміз газет бетіне шығып жүрді. Бұл – сол қаламгерлік жолдың бақытты бастауы еді.
Міне, биыл аймақтағы басты хабар таратушымыз «Қостанай таңы» газетің 95 жылдығын атап өтпекшіміз. Баспасөз арқылы халықтың күнделікті тұрмысын біліп отырамыз. Өткен ғасырдан бері қалыптасқан әдеби, шығармашылық бедері бар-тын. Кейінгі жылдары қайта жанданды. Басылым ғаламторға жолын ашты.
Баспасөз көркем ойдың жемісі болмаса да, белгілі бір дәрежеде әдебиет беретін тәрбиенің негізі бола алады. Бұл әлдеқашан дәлелденген үрдіс. Газет халықтың қоғамдық, ұлттық санасының қалыптасуына ықпал етеді. Сол жолдағы еңбектеріңіз табысты болғай! Газет ұғымына айтарымыз алғыс. Мерейтой құтты болсын, жерлестер! Абыройларыңыз арта берсін!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓