БҰРАЛАҢЫ КӨП ЖОЛДАРДАН ӨТТІ
Серік Тұрғынбекұлы, ақын,
«Алаш» әдеби сыйлығының иегері.
«Қостанай таңы» газетінің 95 жылдығы – елдің мерекесі. Себебі, Қостанай өіңірі – біздің халқымыздың алтын тамыры, тарихы, болмысы. Мұны қайсыбір заманда осы өлкеден шыққан тұлғалар дәлелдеп берген. Екінші жағынан, қазақ журналистикасының тарихымен астасып жатқан басылым. Сералин мен Майлиндерден басталған газетте небір марғасқалар жұмыс істеді. Дербестіктің солтүстік өңірдегі жаршысына айналған «Қостанай таңы» қазақ тарихындағы бұралаңы көп жолдардан өтті. Мәселен, тың игеру жылдарын алайық. Тың игеру – қазақ тарихының бір белесті жылдары. Ал осы ретте астықты өңірдің атын шығарған бірден-бір басылым болса, ол – «Қостанай таңы». Шалғай аймақтардағы шопандар шаруасы, тыңгерлердің тынбай істеген еңбегі газет бетіне шығып тұрды. «Қостанай таңына» шыққан шаруалар түрлі атақтарға ұсынылып, өз салаларында мараптталатын. Бұл газеттің өзіндік беделін көрсетсе керек.
«Қостанай таңы» – ақындығымның бастауы. Тоғызыншы класты бітірген соң «Қостанай» атты бірінші өлеңім осында басылды. Ол кезде есімі елімізге кеңінен танымал қарт қаламгер Сапабек Әсіпов ағамыз жұмыс істеді. Оның газет шаңырағының астында қаншама таланттардың басын біріктіріп, олардың жұмыстарын ұршықша үйірулеріне жақсы жағдай жасағанына куәміз. Кейін Назарбек Бектемісов ұстазымның айтуымен махаббат туралы, туған жерге деген толғаныстарымды шығардым. Сейіт Кенжеахмет, Аңсаған Атымтаевтар істеп жүрген кезде газетке бас сұқпай кетпейтінмін. Ол уақытта газет қолмен теріледі, поштамен келгенше бірнеше күн өтеді. Кеңшілік Мырзабеков екеуміз газеттің әр нөмірін қалдырмай оқып шығатынбыз. Әсіресе, әдебиет беті жаряиаланған нөмірлерді бөлек сақтап қоятынбыз.
Хайыржан Бекхожин, Сырбай Мәуленов Арзымбет Есімов, Хасен Өзденбаевтар секілді арыстардың үні бар басылым әлі де жасай береді.
Мой дед , Есимов Арзымбет,работал редактором газеты "Сталин жолы"в 1939. Хотелось бы узнать побольше об этом времени и прочитать его статьи. Если Вам не трудно , может есть архив, дайте ,пожалуйста ,ссылку .