Қылмыс азайды, тәртіп нашар
Облыстық ішкі істер департаментінде аймақ басшысы Н.Садуақасовтың қатысуымен үстіміздегі жылдың жарты жылдығының қорытындысына арналған кеңейтілген оперативті мәжіліс болып өтті.
Жиын аясында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Т.Мәткенов, оның орынбасарлары, Рудный қаласы мен Қостанай аудандық ішкі істер басқармасының басшылары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына қорытынды жасап, баяндама оқыды.
ІІД бастығы Т.Мәткеновтың айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде қылмысты тіркеу мен есепке алу саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 11,7 % төмендеді. Сол секілді ауыр және аса ауыр қылмыс жасау, адам өлтіру, денсаулығына ауыр зақым келтіру, қарақшылық шабуыл, бұзақылықпен тонау, ұрлау секілді қылмыс түрлерінің деңгейі де төмендеді. Мәліметтерге жүгін-сек, мәселен, біреудің мүлкін ұр-лау көрсеткіші 15,2 % төмендеді, үстіміздегі жылы оның саны – 7209 болса, өткен жылдың жарты жылдығындағы ол көрсеткіш – 8506 болатын-ды. Бұл жасалған ұрлықтардың 44,8%-үлесі Қостанай қаласына келеді. Біреу-дің мүлкін ұрлау қылмысын ашу көрсеткіші – 28,0 % болды. Сонымен қатар қоғамдық жерлерде жасалған қылмыс көрсеткіші 3862-ден 3134-ке төмендеді. Жасөспірімдердің көшеде қылмыс жасауы да азайыпты. Қылмыстың барлық түрі бойынша ашу көрсеткіштері жақсарған. Әрине, облысымыздағы оперативті жағдайлардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау барысында қоғам қауіпсіздігін қорғайтын орган қызметкерлері тарапынан барлық шаралар қолға алынып отырғанын айта кеткеніміз жөн.
Бүгінгі таңда ведомство басшысының айтуынша, полиция қызметінің ең басымды бағытының бірі – жасалған құқық бұзушылықтың бар түрін дер кезінде және уақытылы тіркеу.
Қазіргі кезде ішкі істер органдарына электронды тіркеу жүйесі енгізілудің нәтижесінде яғни қылмыс туралы өтініш бірден онлайн тәрті-бінде прокуратура органына жіберіледі. Ал, өтініш жасаған адамға талон-хабарламасы бері-леді. Өтінішіңіздің қалай қаралып жатқандығын прокуратура органындағы SMS-сервистен анықтауыңызға болады. Есепті кезеңде 100 полиция қызметкері қылмысты жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Жиында өңір басшысы:
– Полиция қызметінде пайыздық есеппен алсақ, ең алдымен не ықпал жасайды, кәсібилік пе, материалдық-техникалық база ма әлде бос жұмыс орнының болуы ма? – деп ішкі істер департаментінің бастығына сауал тастады. Алайда, нақты жауап болмағанымен, ІІД бастығы қазіргі кезде бос орын көрсеткіші – 7,5% құрайтындығын, яғни 270 қызметкер жетіспейтіндігін айтты.
Дегенмен, қылмыс құрлымын алып қарасақ, қылмыстың ең көбі – біреудің мүлкін ұрлау болып табылады екен. Міне, осы арада облыс әкімі бұл бағытта тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа тетіктерін қарастырған жөн деді.
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Е.Файзуллиннің айтуынша, өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда жол-көлік оқиғасы 7%-ға, қайтыс болғандардың көрсеткіш саны-16,3 пайызға өсті. Баяндамашыны тыңдаған облыс әкімі өткен және биылғы жылғы жол-көлік оқиғалары көңіл көншітпейтін-дігін, жол ережесін бұзушылық, жол-көлік тәртібі алаңдатып отырғандығын жеткізді. Сол себепті де жол-көлік оқиғасының саны да көп, өлім де көп. Жол ережесін бұзушылық, жол-көлік оқиғасы әсіресе жақсы, тәуір жолдарда тіркеліп жатады екен. Және де сол жолдағы жіберілген құқық бұзушылықтың жартысы ғана тіркеледі. Десекте, алты ай ішінде жылдамдық өлшеуіштің нәтижесінде бюджет 11 млн. теңгеге толыққан. Бірақ, "бізге ең бастысы сол – ол жол қауіпсіздігі" деп облыс әкімі атап көрсетті.
Ал, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Б.Ералиннің айтуынша, полициядағы сыбайластық деңгейі 63% кеміді. Ол, үнемі жүргізілген алдын алу жұмыстарының қорытындысы дейді. Жыл басынан бері ішкі қауіпсіздік пен аппарат кадрлары қызметкерлерімен 72 рейд жүргізілді. Нәтижесінде он үш қызметкер тарапынан 16 жол қозғалысы ережесін бұзушылық фактісі анықталды. Тәртіптік комиссиясы да тиімді жұмыс істеуде, онда 76 қызметкердің ісі қаралды, олардың 60-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 10-ы қызметінен босатылды, 15-і ішкі істер органынан шығарылды. Әйтсе де жетістіктер де бар. Мәселен, 2014 жылы азаматтардан 20 алғыс хат келіп түсіпті, 2013 жылы болса, ол хаттардың саны – 8. Көрсеткен біліктіліктері мен ерен еңбек ерліктері үшін 43 қызметкер көтерме-сыйақыға ие болды.
Аймақ басшысы Н.Садуақасов жиын аясында шығып сөйлеген баяндамашыларға сұрақ қоя отырып, қоғамдық пікір тудырған, атап айтқанда 7 жасар Виктория Ганяның өлімін тексеру, бірнеше рет пәтер тонау, жол қозғалысы ережесін бұзу барысында полиция "бәріне жақсы жағынан қарап, жіберілген кемшіліктерді" ескермеді деді. Әрине, баяндамашылар өңір басшысының сұрағына, "ескереміз, бақылауда ұстап отырмыз, өзімізден жауапкершілікті алмаймыз"деп жауап қатып отырды. Ол да түсінікті.
Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі полиция органдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен тиісінше қаржы бөлінетіндігін тілге тиек етті. Атқару органдары тарапынан құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар да жүзеге асырылуда. Сондықтан да ішкі істер органдары аса ауыр, ауыр қылмыстарды ашу барысына қажетінше күш салу керек, резонансты істер ІІД ерекше бақылауында болуға тиіс деп, атқарған жұмыстарына рахметін айтты.
Гүлназым Сағитова