Құрдасын пышақтады
Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде, Жітіқара қаласының түнгі клубтарының бірінде жас жігіт пышақталды. Оған пышақ салған өзінің құрдасы екендігі анықталы.
Қостанай облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі бүгін осы дерек бойынша түсінік берді. Сол түні Жітіқара ІІБ кезекші бөліміне аурухананың қабылдау бөліміне пышақтан жаратқан алған тұрғын жеткізілгендігі туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу тергеу тобы шыққан. Оқиға куәгерлерінің сөзінен күдікті азаматта белгілі болған.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында адам денсаулығына қасақана зиян келтірген күдікті 20 жасар жігіт ұсталды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Махаббат Бекбай