Кім кінәлі?

Қарасу аудандық ауруханасында екі жастағы дені сау бала жазатайым көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметінше, бұл қайғылы жайт кімнің кінәсінен болғаны әзірге белгісіз. бала олди
Жас отбасының жалғыз баласы аяқ-қолы сау, ақыл-есі түзу, белсенді болып өсіп келе жатқан еді… 19 маусым күні кешкілік күтпеген жерден жағдайы нашарлап, тыныс алуы ауырлап кеткен. Ата-ана оны жалма-жан ауруханаға алып келеді.  Дәрігерлер баланың денсауылығын қарап, ауырсынуды басатын дәрімен еккен көрінеді. Сәби бір ұйықтап тұрып, ояна салысымен тағы да ышқынып жылап, тұншыға берген. Ақыры, көп ұзамай, сол жерде ата-анасының қолында көз жұмған.
– Денені сою қорытындысы көрсеткендей, кеңірдекшеге піспенан (печенье) тұрып қалған, – деді кейінірек отбасының жақындарының бірі. – Бір сөзбен, уақытылы медициналық көмек көрсетілмеген.
Ал Қарасу ауруханасының бас дәрігері В.Голубев бұл туралы жариялаудың қажеті жоқтығын айтып, пікір беруден бас тартқан.
– Ия, өліммен аяқталған деректі жасырмаймыз, – деп жағдайды баяндайды облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Слободенюк. – Он күн ішінде тұжырым жасалып, кейін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Ал әзірге қандай да бір ақпаратты алға тартуға әлі ерте.
 
"НК" сайтынан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓