Індет жұқтырғандар – 51 адам

30 маусымда Қостанай облысында 51 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. –  26, Рудный қ. – 11, Арқалық қ. – 4, Қарабалық ауданы – 3, Лисаков қ., Қарасу және Қостанай аудандарында 2 адамнан, Әулиекөл ауданында 1 адам індет жұқтырған. 
42 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирус расталған адамадармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 30 маусым аралығында COVID-19-ды  16834 адам жұқтырды.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 16217.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓