Мектептерде оқушыларға жағдай жасалмаған

Таран ауданының прокурорлары орта білім беру мекемелерін тексерді. Оның барысында жас жеткіншектердің конституциялық құқықтары сақталмайтыны анық болды.школа 1
Мемлекеттік жалпы орта білім беру стандартарына сәйкес, жергілікті атқару органы және жалпы білім беру ұйымы оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жағдай жасауға міндетті. Алайда аталмыш ауданнның мектептерінде жарықтандыру, бөлмелердегі температуралық режим сақталмаған. Мәселен, Тобыл орта мектебінде тексерілген 21 бөлменің 16-ның  жылу көрсеткіші нормадан төмен болған. Ұқсас кемшіліктер ауданның тағы да 7 орта білім беру мекемесінде анықталды.
Қазір құқық қорғау органы әшкере еткен олқылықтар жойылып, оқушыларға тиісті жағдай жасау қолға алынды.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓