Саяжай үйі өртенді
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 16 маусым күні облыс аумағында бірнеше өрт оқиғасы тіркелді.
Әулиекөл ауданы Қазанбасы стансасында Ленин көшесінде моншаның төбесі, кіре берісі, қора-қопсы, жазғы асүйдің төбесі өртенді. Өрт 49 шаршы метрді қамтыды. 4 газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт үш сағаттан соң толықтай өшірілді. Қостанай қаласында "Мичуринец" бау-бақша бірлестігіндегі саяжай үйінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер бір сағаттан соң қызыл жалынды ауыздықтады. Қашар кентінде де №1 бау-бақша бірлестігінде екі саяжай үйі өртенді. Қарасу ауданының Жұмағұл селосында 3 тонна сабан күлге айналды.