Ескерту белгілері пайда болды

Қостанай көшелерінде жаңа белгілер пайда болды. Қоғамдық орындардағы нұсқаулықтар үй жануарларын серуенге алып шыққан әр азамат оның қалдығын да тазартып жүруін меңзейді. Әзірше бұл белгі Алтынсарин және Павлов көшелерінің қиылысында ғана тұр. Келешекте саны артары сөзсіз. IMG_7795-20-06-17-10-35-560x420"Орталық" пәтер иелері кооперативінің төрағасы Алмат Айдосовтың айтуынша, мұндай ұсынысты алғаш тұрғындар айтқан. 
-Пәтер иелері бұл әрекетті шет елдерден көргендерін айтады. Иттерін серуендетіп жүретін адамдар олардың нәжісін тазаламайды. Басқа біреу міндетті емес қой. Әр көктем сайын солардың зардабын басқалар көреді,-дейді А.Айдосов.
Үй жануарларының әлегі мұнымен шектелген емес. Олардың аузын тұмшаламайтыны тағы бар. Осылайша, тұрғындар тағылардан теперіш көріп отыр.
IMG_7809-20-06-17-10-35-560x420Ал, Алмат Айдосов мәселе тек белгілермен шектелмеуі тиіс, реті келсе, жанауарларды қыдыртатын бөлек орын пайда болса дейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓