Пітір садақа мөлшері бекітілді
Облыста. Биылғы жылы Рамазан айының басталуы 18 маусымға келіп тұр. Осыған орай қасиетті айда жан басына берілетін пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша адам басына 200 теңге. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен Төралқа мәжіліс кезінде еліміздің әр аймағындағы бидай, құрма, мейіз және арпаның бағасы ескеріле отырып, орта есеппен осылай бекітілді.