Торғайда қымызхана ашылды

Бұл сегіз қанатты ақбоз киіз үй “ЭКСПО – 2017” көрмесінің құрметіне арналып ашылған қымызхана. Егесі – аудан тұрғыны Мәлік Бекетов. IMG_8083Қымызхананың іші көне жәдігерлермен жабдықталған. Сыртындағы ақ киізді Қырғызстаннан арнайы тапсырыспен алдырған. Қазақы әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге сай қымызхананы ашу үшін екі жылдай уақыт кеткен. IMG_8086Жетпіс рет ой елегінен өткен қазақы үйдің келбетіне қарап қайран қалдық. Ішіндегі көне жәдігерлерді Мәлік ағамыз он жылдан бері жинап келеді екен. Қымызхананың ішінде ілулі тұрған түлкі ішік, қасқыр ішік, күпі ішіктердің өзіндік тарихы бар.
Мәлік ағамыздың сол жағында тұрған күпі ішіктің бір ғасырлық тарихы бар. Оң жағындағы қасқыр ішік осыдан сексен жыл бұрын тігілген. Содай – ақ, қабырғаларда ілулі тұрған тоқыма кілемдер өткен күннен сыр шертіп тұрғандай.IMG_8090Мынау көненін көзіндей болған кебеже 1909 жылы жасалған. Бәтима есімді әжесі тұтынған екен. Осындай көне жәдігерлерді жинап, ұмыт болып бара жатқан қазақы дәстүрлерді қайта жаңғыртып, ұрпағына үлгі ету ісін қолға алған ағамыздан көп нәрсе үйренуге болады.IMG_8098-2015 жылдан бастап қымызхана ашуды жоспарлаған болатынмын. Ішін заманауи заттармен жабдықтауға болады. Бірақ ата-бабамыздан мирас болып қалған ақбоз киіз үйді қазақы дәстүрге сай жабдықтауды жөн санадым. Отбасыммен кеңесіп, он жылдан бері жинап жүрген көне жәдігерлермен сәндеуді ұйғардық. Қазір технология дамыған заман. Бірақ бұрынғы киіз үйдің ағаштан жасалған уық, кереге, шаңырағын табу өте қиын. Сондықтан бұл киіз үйді темірден дәнекерлеп жасадым. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудандағы әрбір тұрғын тойхана емес осындай қымызхана ашса иігілікті іс болары сөзсіз. Игі жақсылардың басың қосып, дәстүр бойынша қымызмұрындық беріп отырмын. Тек жеке басымның қажетіне пайдаланудан аулақпын. Сырттан келген меймандарға қонақасы беремін десе есігіміз айқара ашық. Әр уақытта дастархан ұлттық тағамдарға толы болады.IMG_8082-Көрген жанның көз жауын алатын сары самауырын 1837 жылғы дүние. Көне жәдігерлерді жинауға бала кезімнен құштар едім. Сол әдет бойыма құт болып дарығандай. Кебеженің үстінде тұрған  темір балғаны Атығайқара ұста тұтынған. Оның да екі ғасырлық тарихы бар. Алдағы уақытта қымызхананы зергерлік бұйымдармен толықтыратын боламын, – деді.IMG_8094Төрде тұрған қалқан үлкен ұлы Кенесарыға арнап жасаған. Оның авторы Қазақстанға танымал зергер, Алматы қаласының тұрғыны Үсен Сейдалиев. Бұл кісі зергерлік бұйымдарды жасаумен айналысқанына 35 жыл болыпты. Әлемдік көрмелерге қатысып, талай мәрте “Гран – при” иегері атанған. Мәлік ағамыз Алматы қаласына барғанда зергермен танысып, содан бері ағалы інідей араласып келеді.
Қымызхананың ашылу рәсімін салтанатты түрде жасап, батагой қариялардың ақ батасын алды. Олардың әрқайсысының иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Осындай үлгі болар өнегені келешек ұрпақтың санасына сіңіре білетін Мәліктей ағалардың қатары сиремесін.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓