Жоспарлар жауапкершілік жүктейді

Бүгін Қамысты ауданының әкімі Ғ.Е. Бекмұхамбетов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.камысты
2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында ауданның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, қазіргі бағамен бағамдағанда, 1,9 млрд теңге болды. Өндіріс өсімі ет, ұн, нан тағамдары, тауарлық бетон сынды негізгі өнім түрлелі есебінен еселенген. 
Кәсіпкерлік сектордың дамуы экономикалық қана емес, әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Өйткені бұл сала тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге ықпал етті. Жыл басынан бері 147 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі – 1,6% немесе 137 адам табыссыздар тізімінде. Кәсіпкерлік саласында 577 адам жұмыс істейді. Бөлшек сауда түріндегі тауар айналымының құны 495 млн теңгеге жеткен. 230 млн теңгенің 9 жобасы дайындалып, жетеуі мақұлданған.
7 ауыл орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Бүгінде аудан тұрғындарының 38,8% су тапшылығынан арылды."Ақбұлақ" бағдарламасының игілігіне 1421 абонент қол жеткізді. Аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тағы 225 млн қарастырылған. 
Келер жылға ауқымды жоспарлар еншіленіп отыр. Атап айтқанда, Қамысты-Алтынсарин елді мекендерін газдандыру мәселесі қолға алынбақ. Жорамалмен, 1,6 млрд теңгенің (одан да көбірек болуы мүмкін) жобалық-сметалық құжаты әзірленбек. Сондай-ақ, Қарабатыр және Арқа ауылдарына дейінгі жолдарға күрделі жөндеу жүргізіледі.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓